«Химия ғылымының өндіріспен интеграциясы, инновация арқылы прогресске» атты үшінші семинар-конференциясына қатысуға шақырамыз

23.12.2015

Көрулер: 3126

2015 жылдың 24 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Ғылыми-технологиялық паркі» аумағында х.ғ.д., проф. Буркитбаев М.М. (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1-ші проректоры) қолдауымен өтетін химия саласы бойынша өтетін «Химия ғылымының өндіріспен интеграциясы, инновация арқылы прогресске» атты үшінші семинар-конференциясына қатысуға шақырамыз. Басталуы - 14:00.

Алдағы семинар-конференция «Суды жан-жақты зерттеуге» арналады. Дөңгелек үстел тақырыбы «Су – бұл өмір»!

Конференцияның қызықты бағдарламасы химиялық білім саласындағы маңызды және ең өзекті мәселелерді талқылауға кешенді қарауын айқындайтын болады. Алдағы конференцияның негізгі бағыттары :

  1. «Химия – бұл біздің бүгініміз, қарапайымнан күрделіге»;
  2. «Химия – қауіпсіз су, экология және таза ауа секілді жаһандық мәселелерін шешеді».

Басты көңіл өндірісте, ғылым саласында бірқатар маңызды міндеттерді шешуге арналған талдау әдістерінің заманауи дамуы және экологиялық мониторинг бойынша сұрақтарға аударылады. Конференция барысында өткізілетін дөңгелек үстел тақырыбы: «Химиялық ғылымның өндіріспен интеграциясы, инновация арқылы прогресске». Бұл шараға өндіріске ғылымды енгізуде әлемдік тәжірибесі бар шетелдік ғалымдардың қатысуы жоспарлануда.

Дөңгелек үстелдің басты ерекшеліктерінің бірі, қатысушылар үшін жаңа жоғары технологияландырылған жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыздандыру арқылы өз зерттеулерін іске асыру барысында кешенді науқанмен танысу мүмкіндігі болады.

ІІІ-ші «Химия ғылымның өндіріспен интеграциясы, инновация арқылы прогресске» семинар-конференциясының жағымды атмосферасы іскерлік қарым-қатынастардың кеңеюі, сапалы қызмет көрсетуі, құрал-жабдықтардағы инновациясы арқылы химиялық университеттік ғылым мен компанияның келешегін талқылауға арналған алаң болады.

Ал, ең бастысы біріккен грант жазуға және іске асыруда оның бөліктерін пысықтау үшін іргесін қалау.