«Өнегелі өмір» сериясымен жарық көрген академиктер Т.Б. Дарканбаев пен М.А. Айтхожиннің өмір жолына арналған кітаптардың тұсаукесер рәсіміне шақырамыз

28.12.2015

Көрулер: 4051

ҚазҰУ-дың «Қазақ университеті» баспасынан «Өнегелі өмір» сериясымен жарық көрген академиктер Т.Б. Дарканбаев пен М.А. Айтхожиннің өмір жолына арналған кітаптардың тұсаукесер рәсіміне шақырамыз.

Кітап биохимия, молекулалық биология және білім саласында қызмет жасаған ғалымдардың өміріне арналған.

Дарқанбаев Темірбай Байбосынұлы өсімдіктер биохимиясы қазақ мектебінің негізін қалаушы болып табылады. Академиктің ғылыми еңбектері бидай, тары, күріш және жүгері биохимиясына арналған. Ғылыми бағыттары Қазақстанның көптеген аумақтарындағы ізбасарлары мен шәкірттері арқылы дамып жатыр. Т.Дарқанбаевтың ғылыми жұмыстары арқылы бүкіл әлем қазақстандық бидайдың сапасын жоғары екендігін білді.

Айтхожин Мұрат Әбенұлы Қазақстандағы молекулалық биология және биотехнологияның негізін қалаушы. М.Ә. Айтхожин 1986-87 жж. Қазақ ССР Ғылым Академиясын басқарған. Ірі тұлғаның 1983 жылы ғалыми еңбектері негізінде молекулалық биология және биохимия институты ұйымдастырылып, қазіргі таңда ғалымның аты берілген.

Өткізілетін мекенжайы мен күні:

2015 жылдың 29 желтоқсан күні, сағат 11.00

Алматы, әл-Фараби даңғылы №71

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ректорат.

Ғылыми кеңес залы (15 қабат).

ҚазҰУ баспасөз қызметі

8(727) 377 48 / 49