Оқиғалар мен анонстар

Көшбасшылық лекция

27.11.2019

2019 жылдың 28 қарашасында сағат 15:00-де, БАЗ 1 залында Укашев Жерғалбек Исакеевичпен - көшбасшылық туралы кездесу өтеді. Кездесу барысында төтенше жағдайлардың қаупін азайту және олардың салдарын азайтудың тиімді тетіктерін қамтамасыз ету мәселелері қозғалады.

Ары қарай оқу >>

«ИЫҰ-15 Диалогтық платформа» брейнсторминг

18.11.2019

19 қарашада Алматыда алғаш рет «ИЫҰ-15 Диалогтық платформа» атты брейнсторминг өтеді. Онда Ислам Ынтымақтастық Ұйымына (ИЫҰ) қатысушы елдердің өкілдері ғылым және инновациялық интеграция мәселелерін, сонымен қатар мұсылман елдеріндегі ғылым, техника және инновациялардың дамуына кедергі келтіретін проблемалардың шешу жолдарын талқылайтын болады. Халықаралық шараны еліміздің жетекші университеті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастырып отыр.

Ары қарай оқу >>

«Өткенді ұмытпаймыз, Бүгінгіні іске асырамыз, Болашақты қалыптастырамыз»

14.11.2019

Сізді 2019 жылдың 23 қарашасында сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кітапханасында өтетін Философия және саясаттану факультетінің 70-жылдығына арналған «Өткенді ұмытпаймыз, Бүгінгіні іске асырамыз, Болашақты қалыптастырамыз» атты Халықаралық конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

Ары қарай оқу >>

«Мен жастарға сенемін!»

12.11.2019

15 қараша 2019 жыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» республикалық жастар форумы өтеді. Ауқымды шараны ҚР БжҒМ, АжҚДМ, «Жандану әлемі» қоры, «Жас Отан» жастар қанаты, Қазақстан Жазушылар Одағы, «Қазақ радиосының» қолдауымен ҚазҰУ және Алматы қ. әкімдігі ұйымдастырып отыр.

Ары қарай оқу >>

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР, БАЙҚАУ!!!

11.11.2019

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны келесі бос жұмыс орнына байқау жарияланғанын хабарлайды:

Ары қарай оқу >>

Атқару өндірісін жүзеге асырудың жалпы шарттары

11.11.2019

2019 жылдың 11 қараша күні сағат 17.00-де заң факультетінің 308 аудиториясында 3 курс студенттеріне «Атқару өндірісін жүзеге асырудың жалпы шарттары» тақырыбында дәріс өткізіледі. Дәрісті Алматы қаласының аумақтық сот орындаушылар палатасының сот орындаушылары Абишева Айжан Срайловна, Сариева Лаура Мейрмановна, Кенжебекова Насип Наметовна и Бекмухамедов Чингиз Рустамович өткізеді.

Ары қарай оқу >>

«Жұмабек Кенжалин – Журналист. Ғалым. Ұстаз. Қайраткер»

05.11.2019

ҚазҰУ мен журналистика факультетінің құрылғанына 85 жыл толуына орай   «Жұмабек Кенжалин – Журналист. Ғалым. Ұстаз. Қайраткер» атты алқасөз өтеді. Бағдарламада «Түлектеріміз – біздің мақтанышымыз» атты студенттердің оқу-демалыс алаңы таныстырылып, Жұмабек Кенжалин атындағы «Баспасөз және жаңа медиа» оқу-шығармашылық зертханасының ашылу салтанаты болады.  Алқасөз жұмысына Жұмабек Кенжалинмен әр жылдары қызметтес болған қоғам және мемлекет қайраткерлері, белгілі журналистер, БАҚ басшылары, ғалымдар, студенттер, магистранттар және PhD докторанттар қатысады.

Ары қарай оқу >>

«Ғылым көшбасшысы - Web of Science Awards -2019»

04.11.2019

2019 жылдың 13 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Ғылым көшбасшысы - Web of Science Awards-2019» марапаттау рәсімі өтеді, онда Қазақстанның ғалымдары, ғылыми-зерттеу ұйымдары және ғылыми журналдары халықаралық деңгейде танылған Web of Science Awards («Ғылым көшбасшысы») сыйлығына ие болады.

Ары қарай оқу >>

Құрылтай съезді өтеді

04.11.2019

“Б.Бірімжанов атындағы Қазақстан химиялық қоғамы” Республикалық қоғамдық бірлестігінің Құрылтай съезді 2019 жылдың 18-қарашасында Алматы қаласында өтетінін хабарлайды.

Ары қарай оқу >>