«ИЫҰ-15 Диалогтық платформа» брейнсторминг

18.11.2019

Көрулер: 2387

19 қарашада Алматыда алғаш рет «ИЫҰ-15 Диалогтық платформа» атты брейнсторминг өтеді. Онда Ислам Ынтымақтастық Ұйымына (ИЫҰ) қатысушы елдердің өкілдері ғылым және инновациялық интеграция мәселелерін, сонымен қатар мұсылман елдеріндегі ғылым, техника және инновациялардың дамуына кедергі келтіретін проблемалардың шешу жолдарын талқылайтын болады. Халықаралық шараны еліміздің жетекші университеті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастырып отыр.

Ғылыми-технологиялық әлеуетті дамыту ИЫҰ-ға қатысушы елдердің саммиттері мен кеңестерінің күн тәртібіндегі басым мәселелердің бірі болып табылады. 2017 жылғы қыркүйекте Астанада өткен ғылыми-техникалық мәселелер жөніндегі бірінші саммитте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мұсылман елдерінің ілгерілеуіне кедергі келтіретін себептерді анықтау мақсатында ИЫҰ-ға мүше мемлекеттерге ғылым, техника мен инновацияларды дамыту бойынша олардың күш-жігеріне көмек көрсету бойынша практикалық шаралар мен ұсыныстарды әзірлеу үшін «ИЫҰ-15 Диалогтық платформасын» құруды ұсынды.

2019 жылы наурыз айында Абу-Дабиде өткен сыртқы істер министрлері кеңесінің 46-шы сессиясында арнайы қарар қабылданды. Сессия барысында ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі министрлер комитетіне (COMSTECH) Қазақстан үкіметі мен ИЫҰ Бас хатшылығы ИЫҰ-ға мүше барлық мемлекеттерді белсенді түрде тарта отырып, «ИЫҰ-15 Диалогтық платформасын» құру және оның жұмыс істеу тұжырымдамасы мен тетігін дайындауда тығыз ынтымақтасу ұсынылды.

ИЫҰ және ҚР СІМ Бас хатшылығы ғылыми-инновациялық әлеует пен өзара тиімді әріптестікті ескере отырып, ҚазҰУ-ды «ИЫҰ-15 Диалогтық платформасының» бірінші сессиясын ұйымдастырушы деп таңдады. Ірі халықаралық шара барысында ИЫҰ-ға мүше елдер үшін өзекті ғылыми-инновациялық даму және интеграция мәселелерін талқылау, ғылыми қоғамдастық өкілдерімен бірлескен ұсыныстар мен проблемаларды шешу жолдарын әзірлеу жоспарлануда.

Шараға ИЫҰ мүше-елдердің және халықаралық ұйымдардың өкілдері: ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Министрлер комитеті (COMSTECH), ислам елдері үшін статистикалық, экономикалық және әлеуметтік зерттеулер және кадрлар даярлау орталығы (SESRIC), Ислам Даму Банкі (IDB), Ислам Ынтымақтастық Қоры (ISF), ИЫҰ азық-түлік қауіпсіздігі институты, ИСЕСКО және тағы басқалары қатысады.

Өтетін орны және уақыты: 19 қараша 2019 ж., Алматы қ., «Ritz-Carlton» отель (конференц-зал), басталуы сағ: 9.30 

 

 

Әл-Фараби ат.ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі

8 (727) 377 31 48