«Өткенді ұмытпаймыз, Бүгінгіні іске асырамыз, Болашақты қалыптастырамыз»

14.11.2019

Көрулер: 2265

Сізді 2019 жылдың 23 қарашасында сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кітапханасында өтетін Философия және саясаттану факультетінің 70-жылдығына арналған «Өткенді ұмытпаймыз, Бүгінгіні іске асырамыз, Болашақты қалыптастырамыз» атты Халықаралық конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

Аталмыш конференция 2019 жылдың 14-23 қараша аралығында өтетін мерейтойға арналған іс-шаралардың қорытынды кезеңі болып табылады.

Философия және саясаттану факультетінің

70-жылдығына арналған іс-шаралар

2019 жыл 14-23 қараша

14 қараша 

Дүниежүзілік философия күніне орай «Философия таңдау және мамандық ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел (философия кафедрасы) 

15 қараша

Дүниежүзілік әлеуметтану күніне арналған «Жаһандық дамудың жаңа парадигмалары» тақырыбында V Әжен оқулары (әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы)

16 қараша

«Дінтану» мамандығының 20 жылдығына арналған «Дінтанудың қазіргі жағдайы мен оның даму перспективалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы (дінтану және мәдениеттану кафедрасы)

18 қараша

«Халықаралық білім беру жобалары» тақырыбында Сум дипломнан кейінгі білім беру институтымен бірлескен вебинар (педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы)

19 қараша

«Үшінші мыңжылдықтың жастары: саясат туралы пікірталастар» тақырыбында дөңгелек үстел (саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы)

20 қараша

«Депрессиялық күйлердің психофизиологиялық зерттеулері» тақырыбында дөңгелек үстел (жалпы және қолданбалы психология кафедрасы)

21 қараша

«Заманауи Қазақстанда әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулердің мәселелері» тақырыбында пәнаралық ғылыми семинар (Философия және саясаттану факультетінің Жас ғалымдар кеңесі)

22 қараша

«Философия және саясаттану факультеті мамандықтарының шеруі» студенттер ұжымының шығармашылық кеші (СҒЗЖ, философия және саясаттану факультетінің студенттер кеңесі)

23 қараша

Факультеттің 70-жылдығына арналған «Өткенді ұмытпаймыз, Бүгінгіні іске асырамыз, Болашақты қалыптастырамыз» атты Халықаралық конференция

 

Конференцияның өту күні: 2019 жыл, 23 қараша, сағат 10.00

Өту орны: Алматы қ., әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, әл-Фараби Ғылыми кітапханасы, Үлкен конференц зал.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Байланыс: Bekshan.Meirbaev@kaznu.kz +77012721704 Мейрбаев Бекжан Берикбаевич,

alia.ramazanova@mail.ru +77075288675 Рамазанова Алия Хайруллаевна

 

Ұйымдастыру комитеті