Естай Беркімбайұлының ән кеші
Көрулер: 2323
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы «Парасат» әдеби клубының мүшелері ‒ шетелдік тыңдаушылар мен жетекшісі Нұрсұлу Мәтбек 2018 жылы 5 желтоқсан күні Жазушылар одағының концерт залында өткен ақын, әнші, сазгер Естай Беркімбайұлының 150 жылдығына арналған «Майда қоңыр» атты дәстүрлі ән кешін тамашалады. Концертті «Рухани жаңғыру» жобасы аясында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Халық әні кафедрасы бірлесіп ұйымдастырыпты. Кешті жүргізуші дәстүрлі әнші, өнер жанашыры Ерлан Төлеутай орындалатын әр әннің қызықты тарихына да тоқталып отырды. Ауғанстандық тыңдаушылар Естайдың он сегіз әнін (оның ішінде бұрын орындалмаған әндері де бар) танымал әншілер мен консерваторияда білім алып жүрген талантты студент жастардың домбырамен орындауында тыңдады. Ауған жастарына, қазақ домбырасының біршама айырмашылығы болғанмен, бұл музыка аспабы жақсы таныс. Естайдың сезімге толы сырлы әндері тыңдаушыларға ерекше әсер етті. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, дарынды өнерп
аз Естай Беркімбайұлының (1868-1946) өмірі мен шығармашылығы жайлы мол мағлұмат алды.






