«Жапон күндері»

03.11.2018

Көрулер: 1949

2018-2019 оқу жылында Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында «Халықаралық достық клубы» жұмыс істей бастады. Клуб жаңа дәстүр негізінде әр елдердің мәдени күндерін атап өтуды бастады. Қазан айының аяғымен қараша айының басында Жапон елінің мәдени күндері өтті. Бұл мәдени-тәрбиелік шараның ашылуында тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында оқитын жапондық студенттер Дзико Нана и Кукуто Тамахито «Күншығыс елі» атты шетел тыңдаушылар үшін орыс тілінде ашық кураторлық сағат өткізді. Шара барысында жапон тыңдаушылары жиналған студенттермен мұғалімдерді өз елінің ұлттық-мәдени ерекшліктерімен, экономикасымен таныстырды. Сөз сөйлеген студенттер өз ұлттық киімдерін киіп, келіп жиналғандарды тамашаға бөледі. Факультетте Жапониядан келген студенттердің көп болмағандықтан көрермендер аса қызуғышылық білдірді. Көптеген сұрақтар туындап, Жапондық студенттер оларға ыждағатты жауап берді. Туған елін сағынған жапондықтар Отаны туралы мазмұнды, егжей-тегжейлі әңгімеледі. Олар жапондықтардың мінез-құлқы ерекшеліктерін, жүріс-тұрыстарын баяндады.

Факультеттегі Жапон мәдени күндері барысында ашық кураторлық сағаттан басқа да шаралар өтті: «Жапон музыкасы» атты дөнгелек үстел ұймдастырылды және жапон көркемсұретті фильм көрсетілді. Онымен қатар Жапон мәдениеті күндерінде факультетте фотосүрет көрмесі ұсынылды. Сұреттер Жапон елінің сұлу табиғатыңын, әдемі жерлердің көріністерін паш етті. Бұл Күншығыс елі туралы студентердің мағлұматын толықтырды.

Аталған жапондық студенттер, «Халықаралық достық клубының» мүшелері, қарашаның 3-і күні Қазақстан Мемлекеттік мұражайында өткізілген «Жапон мәдени күндеріне» белсене қатысты. Бұл шараға факультетте оқитын шетел тыңдаушылармен оқытушылар «Халықаралық достық клубының» шақыруымен барды. Дзико Нана және Кукуто Тамахито мұражайдағы шараны өткізуге ынталы болды. Әсіресе олар жапон ұлттық тағамдарын әзірлеп, келгендерге дәм татырды. Студенттер көрсеткен Күншығыс елінің шәй ішу дәстүрі көрермендерді тіпті қызықтырды.

Сонымен факультетте өткен Жапон мәдени күндері өте мазмұнды, бұрын естімеген мағлұматтарға толы болды.