әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің музейі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің музейі

Жаңа музейдің ашылу салтанаты 2009 жылдың 13 қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне келу сапарымен орайластырылды.

Музей аумағында қоғам және университет өміріне қатысты танымдық-тәрбиелік, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттемелік, инновациялық қызметтер жемісті жүзеге асырылуда.

Экспозициялық кешеннің жалпы ауданы 1000 шаршы метрді құрайды. Ол негізінен - Тарих галереясы, Даңқ залы,Университеттiңтұрақты дамуыдеп аталатын залдардан тұрады.


Тарих галереясы

Галереяның негізгі мағыналық тұжырымдамасы – Қазақстандағы ғылым мен білімнің дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын ҚазҰУ-дың тарихын көрсету.Мұнда әр жылдар аралығында университет басқарған ректорлар туралы және беделді ғылыми мектептердің пайда болуы мен дамуына қатысты тарихи құжаттар қойылған.


Музей кеңістігіндегі атриумда 1991 жылдан бастап университетімізге есімі берілген Шығыстың ғұлама ойшылы, философ Әбу Насыр әл-Фарабидің мұраларына арналған жәнеТәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті, ҚазҰУ-дың Құрметті докторы мен Құрметті профессоры Н.Ә. Назарбаевқа арналған кешендер бар.
Даңқ залы

Даңқ залының ортасында университеттің 75-жылдық мерейтойына арналған мәңгіліктің символы – Пирамида орналасқан. Зал қабырғаларына «Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері», «Университет түлектері – біздің мақтанышымыз» және «Құрметті профессорлар мен докторлар» атты фотогалереялармен толтырылған, мұнда біздің университетке келген Нобель лауреаттарының суреттері де қойылған.

Университеттiңтұрақты дамуына арналғанзалы


Факультеттердің, ғылыми зерттеу институттарының және ғылыми орталықтардың жетістіктері мен болашағы Университеттiң тұрақты дамуызалының көрмесіне қойылған. Ортада – заманауи білімнің әлемдік масштабын бейнелейтін «XXI ғасырдың Жершары» атты терең мағыналы композициялық қондырғы орнатылған.

Университетті зерттеу университетіне айналдыру, әлем университеттерінің қатарына қосылу және тұрақты даму мақсатында «Al-Farabi university smart city» құру жөніндегі оқу орнының соңғы жылдардағы жеткен толағай жетістіктерін паш ететін 3D-технология форматындағы жаңа экспозициялар көз қуантады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ музейі – Халықаралық музейлер кеңесі Қазақстандық комитетінің құрылтайшысы әрі штаб-квартирасы Париж қаласында орналасқан үкіметтік емес халықаралық кәсіби ұйым ИКОМ құрамына енген бірден-бір жоғары оқу орны музейі. Еуразия және қазақ университеттері қауымдастығының құрамына енеді, әлем музейлерімен және мәдени орталықтарымен тығыз ынтымақтастық қарым-қатынас жасайды.

Мекен жайымыз:

050040., Алматы қ, әл-Фараби даңғылы, 71,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, каб 2-3,

Тел.3773340, ішкі 1359,

ұялы тел.87017106800

Таmara.Tazhibaeva@kaznu.kz

Жұмыс уақыты:

9.00 -18.00 с.

(түскі үзіліс13.00-14.00 с.)

Демалыс кундері:

сенбі, жексенбі