әл-Фараби комплексі

Әл-Фараби кешені. 1991 жылдан бастап университетімізге аты берілген Әл-Фарабиге арналған кешен. Қабырғада, ғасырлар тұңғиығы мен уақыт тезінен өткен ұлы ойшылдың назары бейнеленген. Оның жалындап, қолына кітап ұстап алға келе жатқан тұлғасы оның ағартушылыққа, рухани мәдениеттілікке, білімге деген ұмтылысы мен құштарлығын көрсетеді.

Батыс пен шығыс философиясының бірігуінде әл-Фараби орны ерекше! Ол өзінің ұстазы деп санаған Аристотель мен Платонның еңбектерін зерттеп, оның әсерін шәкірті ибн Синаға тигізген. Философ тұлғасының артында оның жүріп өткен жолдары: Иашар қақпасы, Хеопс пирамидасы, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі бейнеленген. Ол сол уақыттағы Ұлы Жібек жолындағы танымал қалалар.

Ал, витриналарда оның ұрпақтарына қалдырған мұралары: кітаптары мен трактаттары тұр. Данышпанның кітаптары оның жүріп өткен жолдарындағы бүкіләлемдік біліммен қаныққан. Мәдени мұра бағдарламасы бойынша, Фарабидің жерленген мовзалейінен үлкен тарихи мәдени кешен тұрғызылуда, сол кешеннің макетін де біздің музейден көруге болады.