Тәуелсіз Қазақстан комплексі

Президент кешені. Атриумда көзге көрінбес ұрпақтар сабақтастығы жатқандай. Еліміздің егемендік алуы мен сол уақыттан бергі қол жеткізген жетістігіміздің барлығын еліміздің Тұңғыш Президентінің есімімен байланыстырамыз! Ал, қабырғада Елбасымыздың алысқа қараған көзқарасы, алға адымдап келе жатқан қадамы оның болашаққа нық сеніммен беттеп бара жатқан бейнесі көрсетілген. Сонымен қатар, қабырғада тарихтың ірі қалалары Астана мен Алматы суреттелген.

Жоғарыда мемлекетіміздің басты құжаты, қазақ халқының талқауынан өтіп, таңдауына айналған Ата заңымыз бейнеленген. Ата заңымыздың арқасында бүкіл ел біздегі халықтар достастығы мен бірлігіне куә болды. Ата заңымыздың арқасында Қазақстан әлемге құқықтық, демократиялы ел ретінде танылды.

Тарих тағылымынан өткен кешегі қазақ елін бүгін барша әлем елдері Егеменді Қазақстан деп танып отыр. Тәуелсіз еліміздің тарихындағы шешуші сәттерінде Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың бағдарламалық мәні бар еңбектері жарық көріп отырды. Олар витриналарда алты тақырып бойынша көрсетілген: тәуелсіздік жолындағы Қазақстан, экономикалық жаңғыру жолындағы Қазақстан, Қарулы күштердің қалыптасуы, еліміздің бас қаласы астанамыз Ақмола қаласына ауысып, Астана деген жаңа атқа ие болуы, Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы рөлі, және Еліміздегі білім мен ғылым жүйесі. Қазақстанның Посткеңестік елдердің арасынан көшбасшы болып суырылып шығуы осының айғақ дәлелі.