Магистратура
Пәннің мақсаты мен міндеті
Жалпы білім беретін пәндер қатарына кіретін пән ретінде шетел тілін оқытудың негізгі мақсаты жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік мамандық саласында оқитын студенттерде ауызекі сөйлесу, тұрмыста, күнделікті өмірде пайдаланылатын, өз мамандығы саласында, кәсіби қарым-қатынас жасауда шетел тілін белсене қолдана білуге үйрету.
Оқытудың міндеті:
- студенттерге шетел тілі ақпарат, өзге тілде тілдік қарым-қатынас жасау көзі, құралы екендігі туралы түсінік қалыптастыру және өз ой-пікірін жеткізу және өзгені түсіну мақсатында пайдалана білу;
- студенттерді өз мамандығы саласында, сонымен қатар, әлеуметтік, тұрмыстық салада ауызша, жазбаша түрде қарым-қатынас жасауға дайындау;
- студенттерді шетел тілін мамандық саласында білімін жетілдіру, тереңдету, кеңейту, өз бетінше кәсіби біліктілігін арттыру құралы ретінде пайдалана білуге баулу;
- студенттерге тілдік, танымдық, мәдениетаралық және прагматикалық құзырет көзі ретінде шетел тілінің мүмкіндігін көрсету.
Оқу жылының басында барлық 2 курс студенттеріне олардың шетел тілінен білім деңгейін анықтайтын бастапқы сынақ жүргізіледі. Осы сынақтың нәтижесіне A1, A2, B1, B2, C1 деңгейлеріне сәйкес тілдік топтар жасақталады.
Магистратура бағдарламасы
Әль-Фараби ҚазҰУ-нің магистратура бағдарламасында 76 мамандық бойынша ғылыми,педагогикалық және профильді бағытты дайындық жүргізіледі.
Магистратура мамандықтары:
Факультет
№ шифр Мамандық Оқу мерзімі
Биология және биотехнология
1 6М010800 Дене шынықтыру және спорт 2
2 6М011300 Биология 2
3 6М060700 Биология 2
4 6М061300 Геоботаника 2
5 6М070100 Биотехнология 1ж;2ж
6 6М080400 Балық шаруашылығы және өндірістік балық аулау 2
География және табиғатты пайдалану
7 6М060800 Экология 2
8 6М060900 География 2
9 6М061000 Гидрология 2
10 6М061200 Метеорология 2
Механика-математика
11 6М071100 Геодезия 2
12 6М073100 Өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау 2
13 6М074100 Картография 2
14 6М090200 Туризм 1ж;2ж
15 6М091100 Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару 2
16 6М060200 Информатика 2
17 6М060300 Механика 2
18 6М070300 Ақпараттық жүйе 1,5ж;2ж
19 6М070400 Есептеу техникасы және ақпаратпен қамтамасыздандыру 2
Физика-техникалық
20 6М070500 Мамтематикалық және компьютерлік моделдеу 1,5ж;2ж
21 6М011000 Физика 2
22 6М060400 Физика 2
23 6М060500 Ядерлік физика 2
24 6М061100 Астрономия 2
25 6М071000 Материял тану және жаңа материялдар технологиясы 2
26 6М071900 Радиотехника,электроника және телекомуникация 2
27 6М072300 Техникалық физика 2
28 6М073200 Стандарттау және сертификаттау 1,5ж;2ж
Химия және химиялық технология
29 6М075000 Метрология 1,5ж;2ж
30 6М011200 Химия 2
31 6М060600 Химия 2
32 6М070800 Мұнай газ ісі -
33 6М072000 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы 1ж;2ж
34 6М072100 Органикалық заттардың химиялық технологиясы 1,5ж;2ж
35 6М073400 Жарылғыш заттардың химиялық технологиясы 1ж;2ж
36 6М073900 Мұнай химиясы 1ж;2ж


Методикалық әдістемеліл құралдар:
1. К. А. Жиреншина "Биология терминдерінің қысқаша немісше-орысша-қазақша сөздігі"
2. Апекова Р.Н., Луговская Е.И., Махметова Ж.М., Темирбаева Г.С. "Химия мамандықтарына арналған қысқаша ағылшынша-орысша-қазақша сөздігі"
3. Мулдагалиева А.А., Гумарова Ш.Б., Омарова Ш.Б, "Экологтарға арналған ағылшын тілі"