10.09.2019 - проф. Нүреттин Демирдің "Ғылыми жұмыстарды жазу барысындағы әдіс-тәсілдер мен ережелер" атты семинары

ХАДЖЕТТЕПЕ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ НУРЕТТИН ДЕМИРДІҢ ҒЫЛЫМИ СЕМИНАРЫ

 

10.09.2019 күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультетінің Түрксой бөлімінде "Эразмус+" бағдарламасы аясында келген Хаджеттепе университетінің(Анкара, Түркия Республикасы) профессоры Нүреттин Демирдің "Ғылыми жұмыстарды жазу барысындағы әдіс-тәсілдер мен ережелер" атты семинары өтті. Семинарға Түрксой бөлімінің магистрант және докторант студенттері қатысты. Семинар барысында ғылыми зерттеулер жасау мен ғылыми жұмыстарды жазуға бағытталған заманауи интерактивті оқыту әдіс-тәсілдеріне қатысты теориялар мен әдіс-тәсілдер, осы саладағы алдыңғы тәжірибелері бар мамандардың практикалық сабақтарымен олардың жетістіктері таныстырылды. Сонымен қатар, қазіргі таңда түркітану ғылымы саласындағы өзекті мәселелер мен жаңалықтар студенттермен талқыланды. Нүреттин Демир мырза өзінің жазған ғылыми жұмыстарын негізге ала отырып, студенттермен өз жинаған тәжірибесімен бөлісті. Айрықша, ғылыми жұмыс жазу барысында туындайтын мәселелер, алға қойылатын мақсат пен міндеттер, зерттеу алаңын дұрыс таңдау тәсілдеріне тоқталып өтті.  Семинар соңында бөлім ұжымы түркиялық профессормен болашақта ғылыми-зерттеу жұмыстарында ынтымақтастық орнату ниетін білдіріп, естелік суреттерге түсті.

Андирова Алина

1 курс магистранты