Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әскери кафедрадасындағы үнді кадеттер

22.05.2019

Көрулер: 3757

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Үндістан Республикасының кадет корпусының арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес, 13-17 мамыр аралығында кадеттер делегациясының Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әскери кафедрадасына сапары өтті.

Үндістер делегациясының алғашқы сапарын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Буркітбаев М.М. қабылдап, Қазақстанның алдыңғы қатарлы - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарихын, жетістіктері мен заманауи өмірі туралы баяндады.

Әскери кафедраға қатысу барысында Үнді кадеттер кафедраның оқу-материалдық базасымен танысты, оқу-жаттығу жиындарына қатысып, «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әскери кафедрасының 85 жылдығы» атты дәріс тыңдады. Дәріс барысында әскери кафедра меңгерушісі, запастағы полковник Ажимов О.В  әскери кафедра туралы, бітірушілердің жетістіктері және еліміздегі запастағы офицерлерді оқыту жүйесі туралы әңгімеледі.

«Әскери журналистика» және «Әскери психология» мамандықтары бойынша әскери кафедрада оқитын студенттер әскери психология және әскери журналистика негіздерінде кадеттерге арналған шебер-сынақ өткізді.

Үнді делегациясының сапары басқа да оқиғаларға толы болды. Кафедра студенттері Шығыстану факультетінің студенттерімен кездесіп, кітапхана мен университет мұражайымен, «Керемет» орталығымен танысып, «Бөбек» Ұлттық орталығына барды. 

Сапардың соңында дөңгелек үстел өтті, оған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әскери кафедрасының меңгерушісі запастағы полковник Ажимов О.В делегацияның барлық мүшелеріне сыйлықтар табыс етті және Қазақстан мен Үндістан халықтарының достығын нығайту үшін одан әрі ынтымақтастық пен өзара қарым-қатынас қажет деп өз ойын жеткізді.

Үнді делегациясының басшысы, полковник Пандей Шириш Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басшылығына және университеттің әскери кафедрасына жылы қабылдап, маңызды кездесулері үшін Ұлттық Кадет корпусының атынан алғыс айтып, әскери кафедрада оқитын студенттерді Үндістан Республикасының тәуелсіздік мерекесінің тойлауына шақырды.