Кафедраның тарихы

Қазақ тіл білімі кафедрасы - қазақ тіл білімін зерттейтін, оның теориялық негіздерін қалыптастырып, ілгері дамытуға үлес қосып келе жатқан Қазақстандағы белгілі ғылыми орталықтың бірі. Кафедраның қалыптасу тарихы қазақ тіл білімінің ғылым саласы ретінде жүйелене бастаған алғашқы кезеңдерімен тұстас келеді. Сондықтан кафедра қызметінің ғылымдағы орны мен қазақ тіл білімінің ғылым саласы ретіндегі іргетасын қалаудағы маңызы ерекше.

Қазақ тіл білімі кафедрасы 1943 жылдан бері бітіртуші кафедра ретінде жұмыс істеп, қазақ тілі мен әдебиетінің жоғары білімді мамандарын дайындауға үлес қосып келеді. Республикамыздың түкпір-түкпірінде түрлі салаларда жемісті еңбек етіп жүрген жоғары білімді қазақ тіл білімі мамандарын дайындаудағы маңызы зор. Кафедра түлектері Қазақстан мен жақын шетел мектептерінде, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде, радио мен теледидарда, газет-журнал мен баспаларда, мемлекеттік жауапты қызмет орындарында қызмет істейді.

75 жылға жуық тарихы бар ұжымның аяғынан тік тұрып, қазақ тіл ғылымының ордасына айналуына әр жылдары филология ғылымдарының докторы, профессор Н.Т.Сауранбаев (1954-58 жылдарда), филология ғылымдарының докторы, профессор М.Б.Балақаев (1952-1975), филология ғылымдарының докторы, профессор Р.СӘмір (1975-1979), филология ғылымдарының докторы, профессор М.Т.Томанов (1980-1989), филология ғылымдарының докторы, профессор М.С.Серғалиев (1990-1998), филология ғылымдарының докторы, профессор Т.С.Сайрамбаев (1998-2001), филология ғылымдарының докторы, профессор Г.Н.Смағұлова (2002-2005), филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Қ.Момынова (2005-2008), ), филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Сағындықұлы (2008-2009), ), филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Шалабай (2009-2010) басшылық етті. 2010 жылдан кафедра меңгерушілігіне филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Қ.Момынова тағайындалды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында ұжым жұмысының өркендеуіне КСРО Ғылым Академиясының академигі И.И.Мещанинов, КСРО Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі С.Е.Малов, Е.И.Убрятова сияқты белгілі ғалымдар көмек көрсетті. Түркологияның өзекті мәселелеріне байланысты белгілі түрколог ғалымдар Н.А.Баскаков, Э.Р.Тенишев, В.М.Насилов, Ә.Н.Наджип, т.б. дәріс оқыды. Кафедрада әр уақытта жұмыс істеген: филология ғылымдарының кандидаты Ы.Е.Маманов, аға оқытушылар Г.Б.Бегалиев, М.О.Омаров, Б.А.Ақшалов, С.Б.Бисалиев, филол.ғ.к., доцент Р.М.Муллина, филол.ғ.к., доцент, А.Т.Төлеуов (1945-56), филол.ғ.к, доцент Б.К.Манасбаев, филол.ғ.к., доцент Г.А.Әбуханов (Ақтөбе, Орал пединститутының ректоры) және қазақ тілі туралы әдістемелік ғылымның негізін қалаушы филол.ғ.к., доцент Ш.Х.Сарыбаев, аға оқытушылар Х.Ажикеев, Жолаев, филол.ғ.к. доцент Н.Д.Номиханов (Қалмақ АССР-нің Жоғары Кеңесі төрағасы), аға оқытушылар А.Қайнарбаева, А.Д.Дәулетова және т.б. қазақ филологиясы кафедрасының тарихында өз орны бар ұстаз-ғалымдар.

Кафедраның оқытушы-профессорлары оқыту ісін ғылыммен сабақтастырады, қазақ тілінің тарихын, теориялық мәселелерін зерттеумен айналысады. Оқыту процесіне қазақ әдеби тілі, лексика, морфология, диалектология сияқты курстардың енгізілуі жаңа ізденістердің нәтижесі болып есептеледі.

Профессор М.Б.Балақаевтың «Основные типы словосочетании в казахском языке» (1957) еңбегі синтаксистік сөз тіркесін зерттеудің негізін қалаған және сол кездегі белгілі түркологтардан жоғары баға алған еңбек. Сөз тіркесі саласы бойынша көп жылғы ізденістің нәтижесі саналатын кітаптың жарыққа шығуы қазақ лингвистикасында «Балақаев мектебінің» қалыптасуына негіз болды. Қазақ тілі мәдениетін ғылыми тұрғыдан зерттеу ғалымның «Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері» (1968) кітабынан бастау алды. Кафедра ғалымдарының қазақ тілінің лексика-грамматикалық, синтаксистік құрылымын жан-жақты зерттегендіктен М.Балақаевтың «Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі сөз тіркестерінің түрлері» (1975), О.Төлегеновтің «Типы предложений по цели высказывания в современном казахском языке» (1968), М.Томановтың «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» (1978,1987), Т.Сайрамбаевтың «Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері» (1981) сияқты көптеген монографиялар жарық көрді. Осы еңбектер негізінде тіл ғылымының түрлі мәселелеріне арналған арнаулы курстарды оқыту жолға қойылды. Олардың алғашқылары: «Сөздің морфологиялық құрылымы» (Ы.Е.Маманов), «Жай сөйлемнің құрылымдық типтері» (О.С.Төлегенов), «Сөз тіркестерінің түрлері» (Т.Сайрамбаев), «Көркем тілдің поэтикасы» (Х.Каримов), «Көне түркі ескерткіштерінің тілі» (М.Томанов), «Қазақ тіл мәдениеті» (М.Серғалиев), т.б. сияқты ғылыми зерттеулер еді.

Қазақ тіл білімінің қанат жаюы базалық оқу пәні ретінде жаңа курстардың енуіне ықпал етті. Мысалы, «Қазақ диалектологиясы» (доцент Х.К.Мұхамбет, 1961 ж.), «Тарихи грамматика» (М.Т.Томанов, 1963 ж.), «Қазақ әдеби тілінің тарихы» (Х.К.Мұхамбет, 1966 ж.), «Практикалық стилистика» (О.С.Төлегенов, 1963 ж., кейіннен Б.Манасбаев 1966 ж.). Доцент Ы.Е.Маманов 2 монография жазды («Қазіргі қазақ тіліндегі көмекші етістіктер», 1949 және «Қазіргі қазақ тілі. Етістік», 1966), 50-60 жылдардың арасында қазақ филологиясы кафедрасында жоғары оқу орны мен мектепке арналған 5 оқулық, педучилищеге арналған бағдарлама құрастырылды. Жалпы саны - 40-тан астам еңбек жарияланды. О.С.Төлегенов 30-дан астам еңбегін жарыққа шығарды.

Профессор М.Балақаев біріккен қазақ тілі мен әдебиетікафедрасының тұңғыш кафедра меңгерушісі болды. Қазақ тілі кафедрасын 30 жылдай (1952-1975) басқарды. Проф. М.Балақаев фонетика, алфавит мәселесі, орфография, лексикология, лексикография, терминология, тіл тарихы, аударма, морфология, синтаксис, стилистика, тіл мәдениеті, қазақ тілін оқыту әдістемесі салалары бойынша еңбектер жазды. Көлемді еңбектерінің саны 15, авторлармен бірігіп 10 оқулық шығарды. М.Балақаевтың ғылыми жетекшілігімен 42 ғылым кандидаты мен докторлары дайындалды.

Кафедраның бірнеше түлегі (Р.С.Әміров, К.А.Аханов, Б.Болғанбаев, С.М.Исаев, А.Т.Қайдаров, А.К.Құрышжанов, К.М.Мұсаев, Ш.Ш.Сарыбаев, М.Т.Томанов, Қ.Есенов, Г.А.Мейрамов, Т.Айдаров, Н.Х.Демесинова, Х.М.Нұрмұқанов, Ф.Ш.Оразбаева, Б.Хасанов, К.Ш.Құсайынов, М.С.Серғалиев, Ө.Айтбаев, С.Омарбеков, Б.Қалиев, Ж.Сәдуақасұлы, Ә.Жүнісбеков, Е.Жанпейісов, О.Нақысбеков, С.Мырзабеков, Б.Сағындықүлы, Б.Шалабаев, Г.Смағұлова, А.Алдашева, Б.Қ.Момынова, А.Салқынбай, Д.А.Әлкебаева, Л.С.Дүйсембекова т.б.) докторлық диссертация қорғап, профессор атағын алды. Жоғары оқу орындарында оқытушы және ғылыми зерттеу институттарында қызметкерлер болып жүрген кафедраның 100-ге жуық түлегі - ғылым кандидаттары, доценттер.

ҚазҰУ-дың қазақ тіл білімі кафедрасы жоғары оқу орындарына арналған оқулық пен оқу құралдарын шығарудан Республика бойынша алдыңғы орында келеді.

Қазақ тіл білімі кафедрасы Республика бойынша бірден-бір ғылыми-әдістемелік орталыққа айналды. Қазақ тіл білімі кафедрасына Түркиядан, Польшадан, Қырғызстаннан, ҚХР-дан, Қарақалпақстаннан, басқа да елдерден оқытушылар келіп, тәжірибе алмасып, біліктілігін көтереді. Қазақ тіл білімі кафедрасында әр жылдарда Ж.Түрікпенова (1923-1983), Н.Хайруллина (1948-1980), О.Күлкенова (1965-1991ж.), Ж.Елеукенова (1962-1982 ж.), аға оқытушы Е.Бектұрғанов (1935-1996), Ж.Түймебаев филология ғылымдарының кандидаты, доцент (1980-1993 ж.), Қ.Молдабеков филология ғылымдарының кандидаты, доцент (1980-1982 ж.), Ш.Әбішова (1984-1990 ж.), ф.ғ.д., доцент Е.Әбдірәсілов (2002-2008) қызмет атқарды. Қазақ тіл білімі кафедрасының ғалым-ұстаздары қазақ тілінің тамырын тереңге жайған қасиетін танып-білуде бар жетістіктерді пайдаланады, туған тілді зерттеу бір күн, бір жыл емес, жалғаса беретін үрдіс екенін айқын сезінеді.

XXI ғасыр басында ұлттық тілдің озық дәстүрін дамытуға да қазақ тіл білімі кафедрасы өз үлесін қосып келеді.

Қазіргі таңда кафедрада филол.ғ.д., проф. Р.С.Әмір (1975 жылдан), филол.ғ.д. профессор Б.С.Сағындықұлы (1979 жылдан), филол.ғ.к. доцент А.Тасымов (1980 жылдан), филол.ғ.д., проф. Г.Н.Смағұлова (1993 жылдан), филол.ғ.д., проф. Б.Қ.Момынова (1993 жылдан), филол.ғ.д., проф. Д.А.Әлкебаева (1992 жылдан), филол.ғ.д., проф Б.Шалабай, ф.ғ.к., доцент С.Ш.Ақымбек (2000 жылдан), ф.ғ.к., доцент Л.О.Асқар (2001 жылдан), ф.ғ.к., доцент Ж.Б.Саткенова (2001 жылдан), ф.ғ.к., доцент Ә.Ж.Әміров (2002 жылдан), ф.ғ.к., доцент К.Қ.Күркебаев (2003 жылдан), ф.ғ.к., доцент М.Қ.Мамаева (2003 жылдан), ф.ғ.к., доцент С.Б.Жусанбаева (2005 жылдан), аға оқытушы Л.Т.Әлімтаева (2003 жылдан), доцент Б.Құлжанова (2013 жылдан), магистр Д.Шакирова (2013 жылдан),аға лаборант Ж.Өтепова, лаборанттар К.Рахман жәнеГ.Ыдырысбаева қызмет істейді.

Университеттің оқыту процесіне қоятын жоғары талаптарына сай жалпы теориялық курстарды қалыптастыру мен оның мазмұнын ғылымның соңғы жетістіктерін пайдаланып, үздіксіз әрі ұдайы жаңартып отыру - кафедраның негізгі міндеттерінің бірі.

1977 жылдан бері Қазақ университетінің жанынан «Қазақ тілі» және «Орыс тілі» мамандықтары бойынша кандидаттық диссертация қорғалатын Кеңес ашылып, оған профессор М.Серғалиев басшылық етті. Кейіннен қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты 1997 жылдан бастап қазақ және түркі тілдерінің мамандықтары бойынша кандидаттық, докторлық диссертация қорғайтын Кеңес болып қайта қүрылды. Қазақ филологиясы кафедрасы көптеген ғылым кандидаттарын дайындау арқылы Қазақстандағы жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуметін күшейтті. Кафедра ұстаздарының жетекшілігімен дайындалған ғалымдар еліміздің түкпір-түкпірінде жемісті еңбек етіп жүр.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес көп салалы білім беру қаулысына байланысты (02.09.94) универитеттің білім беру жүйесіне магистрлерді дайындайтын мемлекеттік стандарт жүйесі енгізілді. Осы құжат негізінде қазақ филологиясы кафедрасының магистрлер дайындаудағы басты мақсаты: магистрлерге мамандыққа орай және магистратураға қатысты іргелі білім мен ғылымды пайдалану дағдысын жетілдіру болып табылады.

Қазақтіл білімі кафедрасы даярлайтын маманданулар:

қазақ тілі мамандануы бойынша: қазақ тіліндегі емле нормасы, қазақ тілінің орфоэпиясы, сөйлемнің тыныс белгілері, этнолингвистика, сөз тіркесінің негізгі қолданыстары, қазақ фразеологиясы, іс қағаздары, сөздердің дистрибуциясы, морфологияның қиын мәселелері, қазақ лексикографиясы, тезаурус мәселесі, жақ категориясының грамматикалық

ерекшеліктері, тілдің психологиялық және философиялық негіздері, қазақ тіліндегі дыбыстардың тіркесімділігі, т.б.

қазақ тілінің тарихы мамандануы бойынша: орта ғасырдағы тарихи жазба ескерткіштерінің тілі, түбіртек теориясы, қазақ жазуының тарихы, күрделі етістіктің мағыналық қүрылымы, бір буынды түбірлер, көне түркі тіліндегі сөздердің мотивациясы, түбірлес сөздердің этимологиясы, қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы, кезеңдері, лексика-семантикалық, грамматикалық сипаттары, т.б.

қазақ тілін оқыту әдістемесі мамандануы бойынша: сабақтың түрлері мен типтері, орыс аудиториясында қазақ тілін оқыту әдістемесі, қазақ тілі орфоэпиясын оқыту әдістемесі, қазақ тілін оқытудың пән аралық байланысы, қазақ тілі сабағындағы көрнекі құралдар, оқу мәтіндерінде тропты оқыту әдістемесі, қазақ тілі сабағынан тыс істелетін жұмыстар, т.б.

Бұқаралық ақпарат құралдарының тілі мамандану бойынша: жарнама тілі, публицистикалық стиль және норма, БАҚ-тағы терминология мәселелері, қазіргі қазақ тіліндегі жаңа қолданыстар, аударманың лингвистикалы аспектілері т.б. арнаулы курстар өтіледі. Қазақ филологиясы кафедрасында атқарылатын ғылыми теориялық міндеттердің негізгілері:

Қазақ тіл білімі кафедрасының ғылыми бағыты - Қазақ тілін диахрондық және синхрондық зерттеу. Мемлекеттік органдарда қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту туралы ҚР Үкіметінің
10.02.02 - қазақ тілі, 10.02.06 - түркі тілдері мамандықтары бойынша аспиранттар дайындады.

Соңғы 50 жылға жуық уақыт бойы кафедра негізгі ғылыми екі бағыт бойынша зерттеу жүргізіп келеді: 1. Қазіргі қазақ тілі. 2. Қазақ тілі тарихи грамматикасы мәселелері.

Қазақ тіл білімі кафедрасының айналысатын тіл білімінің өзекті мәселелері - қазақ тілінің тарихы, қазақ әдеби тілі мәселелері, қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, лексикасы, фразеологиясы, семантикасы, морфологиясы, сөзжасамы, синтаксисі, тіл мәдениеті және стилистикасы.

Ерте кезеңдегі және орта ғасырдағы тарихи жазба ескерткіштердің деректері, түркі тілдері лексикасының фонологиялық заңдылықтары, этимология және тарихи сөзжасам, қазіргі қазақ тілінің грамматикалық жүйесі құрылымдық негізде зерттелуде. Синхронды сипатта, лингвомәдени аспектіде қазақ фразеологизмдері, диахронды және синхронды негізде және прагматикалық жағынан газет лексикасы зерттелуде.