Ғылыми-жобалар мен зерттеулер

«ҚАЗАҚ ТІЛІ ТАРИХЫ ЖӘНЕ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ НЕГІЗДЕРІ»  атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция

  03.11.2017 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақ тіл білімінің дамуына зор үлес қосқан көрнекті түркітанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор М.Т.Томановтың туғанына 85 жыл толуына арналған «ҚАЗАҚ ТІЛІ ТАРИХЫ ЖӘНЕ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ НЕГІЗДЕРІ»  атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті. Конференция мақсаты  қазақ тілінің тарихы мен түркітану мәселелерінің ғылыми-теориялық негіздерін жүйелеу, қоғамның рухани жаңғыруы үшін, тілдегі рухани кодтарды саралап,  тілдік білім берудің әлемдік үздік тәжірибелерін жинақтау болды. Сонымен қатар бұл шара ұлттық сананың рухани жаңғыруының өзегі ретінде қазақ тілінің даму бағыттарын, академиялық және кәсіби негізде оқытылу мазмұнын айқындау, озық инновациялық технологияларды қолдану және түркітанудың өзекті мәселелерін талқылау міндеттерін шешуді көздеді.

Конференция мынадай бағыттарды қамтыды:

  1. Профессор М. Томанов және қазақ тілінің тарихи грамматикасы;
  2. Профессор М. Томанов және түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасының қазіргі даму бағыттары; 
  3.  Үштілділік жағдайында қазақ тілін оқытудың инновациялық бағыттары;
  4. Тіл және мәдениет: рухани құндылықтардың жаңғыруы;
  5.  Қазіргі қазақ тілінің өзекті мәселелері.
         Конференцияға ҚХР Орталық Ұлттар университеті Қазақ тіл-әдебиеті факультетінің деканы, профессор Жан Диң Жиң, ҚХР Орталық Ұлттар университеті Қазақ тіл-әдебиеті факультетінің профессоры Еркін Ауғали,  Түркия қаласы Анадолы университетінен Р.Е. Есиркенов,  Түркия Республикасы, Анадолы университеті, түрік тілі және әдебиеті бөлімінен Б.Б. Әділбаева, М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінен Л.Қ.  Тұрабаева,   Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінен К.Қ.Садирова, Н.М.Алдашев,  А. Айтпенбетова,  Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен  А.С. Елеуова, Н.А.  Атаханова, Алматы қаласындағы Халықаралық «Мирас» мектебінен И.Р. Власянц,  Оңтүстік Қазақстан Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінен Б. Утебеков, Б. Бекетов сынды тұлғалар онлайн режімде қатысып, құттықтау сөздерін айтты. Сондай-ақ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен профессор  Б. Сағындықұлы «М.Томанов – ерен еңбек иесі еді», профессор А.Б. Салқынбай «М.Томанов зерттеулері және қазіргі рухани жаңғыру»,  ҚР Мемлекеттік орталық музейінің аға ғылыми қызметкері  Г.С. Құлназарова «Профессор М. Томанов еңбектерінің қазіргі кездегі өзектілігі», әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті Н. Томанова «Мархабат Томанов – Человек в науке» атты баяндамаларында ғалым М.Томановтың Қазақ тіл біліміне қосқан үлесі және ғылымдағы орны туралы сөз қозғады. Мұнымен қатар пленарлық баяндамалар қатарында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ профессоры Ш. Бекмағамбетовтың «Ежелгі түбір сөздер табиғатын тіл генетикасы тұрғысынан тілдік негіздер арқылы зерттеудің маңыздылығы», әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Т.О. Есембековтің «Мәтін терминінің қалыптасу тарихы», А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, профессоры ОЖұбаеваның «Қазақ морфологиясының идиоэтникалық сипаты»,  ҚазМемҚызПУ профессоры А.О. Тымболованың «Үштілділік жағдайында қазақ тілін оқыту тәжірибелерінен», әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті С.Ш. Ақымбектің «Дауыссыз дыбыстар сәйкестігі мен алмасуының артикуляциялық сипаты» атты ғылыми баяндамалары бар. 

 

 


 «Алаш мұрасы: ұлт пен ұрпаққа білім берудегі қызметі» атты ғылыми-әдістемелік конференция

  2017 жылы 25 қазан мен 3 қараша аралығында  «Лингвоарна» ҒЗжОӘ орталығы, Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйі, «Ұлт болмысы» РПӘТЖ журналы бірлескен «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында Алашорда автономиясына 100 жыл және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 145 жылдығына орай, «Алаш мұрасы: ұлт пен ұрпаққа білім берудегі қызметі» атты ғылыми-әдістемелік конференция  ұйымдастырды. Шараға жалпы орта, арнайы мектеп мұғалімдері және жоғары оқу орындарының оқытушылары, әдіскер-тілшілер, ЖОО оқытушы-профессорлары, докторанттар мен магистранттар қатысты. «Алаш мұрасы: ұлт пен ұрпаққа білім берудегі қызметі» атты ғылыми-әдістемелік конференцияның ашылуы филология және әлем тілдер факультетінің деканы, ф.ғ.д., профессор Өмірхан Әбдиманұлы құттықтау сөзімен басталды. Бұдан әрі қарай Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Ақымбек Съезд Шардарбекұлының «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш әліпбиі»,  ф.ғ.д. Имаханбет Райхан Сахыбекқызының «Ахмет Байтұрсынұлы-тіл, әдеби мұрасының зерттелуі», Тіл білімі институның грамматика бөлім меңгерушісі ф.ғ.д., профессор Жұбаева Орынай Сағынғалиқызының «Ахмет Байтұрсынұлы-когнитивті лингвистиканың негізін салушы», «Ұлт болмысы» журналы - республикалық, патриоттық, әдеби-танымдық журналының бас редакторы және құрылтайшысы Гүлжанар Амантайқызының «Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасын насихаттаудағы БАҚ-ролі», ф.ғ.к. Иманқұлова Салтанат Меркібайқызының «Ахмет Байтұрсынұлы және тілді меңгертудегі берік ұстаным», ф.ғ.к., доцент Құлжанова Бақытгүл Райханқызының «Құтадғу билиг-мәңгілік ел идеясын уағыздайтын дастан» атты баяндамалары тыңдалды. Конферецияның семинар жұмыстарының негізгі  бағыттары мынадай мәселелерді қамтыды:

- Алаш мұрасының оқу, ағарту саласындағы орны мен қызметі;

- Алашордашылардың ұлттық идеясының көркем туындылар мен оқу құралдарында насихатталуы;

- Алаш идеяларының тәуелсіздікпен тарихи сабақтастығы: тіл мен әдебиет және т.б.


Бизнес-инкубатор

2017 жылдың сәуір айында жас ғалымдар мен студенттердің арасында ғылыми-инновациялық идеяларды қолдау мақсатында жарыс ұйымдастырылды. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері өндіріске жарамды өнімдерді құрастырып, 40 жуық ғылыми жоба ұсынды. Соның бірі  – филология және әлем тілдері факультеті қазақ тіл білімі кафедрасының 4 курс студенті Садық Ақбота ұсынған «Лингво-текше». Ақботаның қазақ тілін үйретуде қолдануға жарамды бұл өнімі ең үздік, тұтынушыға қажет өнім ретінде танылып 2 орынды иеленді.

 

Бағыты

Жоба тақырыбы

Жоба жетекшісі

Мерзімі 

Байланыс телефоны

1

Экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдардағы іргелі және қолданбалы зерттеулер 

«Қазақ тілі әлемдік кеңістікте: теориясы және практикасы» 

№1485/ГФ4

0115PK00787

 

А.Салқынбай

 

2015-2017

 

87054600012 asalkbek@mail.ru

 

2

Экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдардағы іргелі және қолданбалы зерттеулер 

«Мемлекеттік тіл: үрдістері мен даму болашағы».

 

Г.Смағұлова

 

2012-2014

87772008891

smagulova.g@mail.ru 

3

Экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдардағы іргелі және қолданбалы зерттеулер 

«Қазақ тілінің функционалды грамматикасының басымдықтары: теориядан тәжірибеге дейін». 

. Әлкебаева 

2012-2014 

87777779660 alkebaeva@mail.ru