Жаңалықтар

"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

29.06.2012

29 Маусым 2012, 13:20
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әскери кафедрасы курсанттарының ант қабылдау рәсімі өтті

АЛМАТЫ. 29 маусым. ҚазАқпарат - Отан қорғаушылардың бойында ең алдымен табандылық пен берік жігер болуы керек

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ әскери кафедрасының курсанттары әскери ант қабылдады

29.06.2012

29 маусым күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасы курсанттарының әскери ант қабылдау салтанатты шарасы бас ғимаратыалдындағы алаңда өтті. ҚазҰУ-дың әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шолпан Жаманбалаева «Әскери кафедра курсанттарын салтанатты түрде ант қабылдау рәсімімен құттықтаймын. Бүгіннен бастап білім алуға, Отанды қорғауға шыңдалуда табанды болыңыздар. Барлық бастамаларыңызға жетістік пен сәттілік тілеймін», - деді өз сөзінде. Ал арнайы қонақ генерал-майор, Қазақстан Республикасының Генералдар кеңесінің төрағасы Рүстем Қайдаровтың «Білім нәрімен сусындаған, университеттеріңді қайда болсаңдар да ұмытпаңдар. Барынша әділ, адал болыңдар. Генералдар атынан сендерге генерал болуды тілеймін» деген тілегі барша курсанттарды бір қуантты.

Ары қарай оқу >>

Уақыттың шеңбері ауқымында

27.06.2012

Францияның Шепп қаласында Ғұн империясының билеушісі Аттилаға арналған ескерткіштің ашылуы өтті. Бұл ауқымды іс-шарада біздің университеттің де тарихшы ғалымдары қатысты.

Ары қарай оқу >>

"Нұрастана" республикалық жастар апталығы

25.06.2012

Білікті ғалымдар – ҚазҰУ-де!

Әл-Фараби атындағы Қзақ ұлттық университетінде «Географиялық зерттеулердегі геоақпараттық жүйе» тақырынбында онлайн-семинар өтті.

Зальцбург университетінің профессоры, Австрия Ғылым Академиясы зерттеу институтының директоры Джозеф Строблмен өткізген лекцияда география, жер мәселесі талқыланып, докторанттар мен магистранттар тарапынан сұрақтар қойылды. Қос білім ордасы болашақта маңызды және қызықты семинарлар онлайн-режимде әлі де жалғасын табады деп отыр

Ары қарай оқу >>

"Жетісу" Алматы облыстық қоғамдық-саяси газет

25.06.2012

Білімнің қара шаңырағы

Әл-Фараби атындағы Қазақ университеті 1934 жылы іргесі қаланған ірі білім және ғылым ордасы. Ұлт зиялылары дәріс оқыған бұл шаңырақ ел элитасын даярлайтын жетекші ЖОО екендігін тәжірибе көрсетіп отыр. Өзінің 77 жыл тарихында ҚазҰУ күрделі кезеңдер мен қилы жолдардан өтті, 135 мыңнан астам түлекті қанаттандырып, үлкен өмірге жолдама берді.Ел ауызындағы кеше мен бүгінгі айтулы ғалымдарымыз өздерінің ұлттық тарих, экономика мен мәдениетке қатысты іргелі зерттеу еңбектерін осы университет қабырғасында жазып, ел игілігіне айналдырды. Математика, физика, басқа да жаратылыстану салалары бойынша ауқымды ғылыми жұмыстар осы жерде іске асырылды. Киелі шаңырақта білім алған студенттер бүгінде мемлекеттік қызметте, билікте, басшылықта және шетелдік компаниялар сияқты айтулы мекемелерде қарымды еңбек етуде.

Дәл қазірдің өзінде республикамыздың басқару жүйесінде отырған білікті мамандар мен талантты ғалымдардың, дарынды педагогтар мен талантты ғалымдардың, дарынды педагогтардың үлкен тобы осы киелі шаңырақтан шындалып шыққандар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті – Тәуелсіз Қазақстанның кадрлар дайындайтын негізгі орталығының бірі деуге әбден болады» деп жоғары баға беруі ұара шаңырақтың жоғары беделін аңғартады.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 18.06.2012 - 23.06.2012

25.06.2012

  • Тақырып жалғасы ҚазҰУ «РИО+20» саммите қатысады
  • Журналистика факультетінде Б.Құсанбек атындағы байқау өтеді
  • «Рейтинг.KZ» Агенттігі ЖОО қорытынларын жариялады
  • Тақырып жалғасы Тауман Амандосовтың 90-жылдығын атап өтті
  • Жылсайынғы Бейбіт Құсанбек атындағы байқау өтті
  • Имидждік жарияланымдар
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары
  • Студентік жарияланымдар
  • Біздің сарапшылар
  • Қоғамдық-саяси маңызы бар тақырыптарға оқытушылар пікірі
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз

Ары қарай оқу >>

«Тіл және инновация» атты ХV Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтуде

21.06.2012

20-21 маусым күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде шетел филологиясы және жалпы тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен жыл сайын МАПРЯЛ аясында «Тіл және инновация» атты ХV Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтуде.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 11.06.2012 - 16.06.2012

18.06.2012

  • Журфак түлектері бас қосты (1982 жылғы түлектердің кездесуі)
  • Тақырып жалғасы Журналистика факультетінде Тауман Амандосовтың 90-жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстаннның журналистикасы мен баспа ісінің өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары» атты конференция өтті
  • ҚазҰУ-да «Қазақстан Республикасының рәміздері» атты пікір-сайыс өтті
  • РИО+20
  • Тақырып жалғасы ҚазҰУ мен НР арасында келісім шарт жасалды
  • Географиялық зерттеулердегі геоақпараттық жүйе тақырыбында семинар өтті.
  • ҚазҰУ-да БҰҰ орталығы ашылды
  • Имидждік жарияланымдар
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз
  • Спортсмендер – олимпиадаға жолдама алды.
    Теги: ul » li » strong
    Заменить картинку:
    Полный обзор новости:
    Абзац
    Шрифт
    Размер

Ары қарай оқу >>

Лиссабонға сапар

16.06.2012

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ.М. Мұтанов ғылымдағы аса зор еңбегі үшін Лиссабон Жоғары инженерлік институтының Құрметті профессоры атағына ие болды.

Ары қарай оқу >>

Тарихшылар форумы

16.06.2012

Университетіміздің тарих, археология және этнология факультетінде 2012 жылдың 13 маусымы күні дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының ұйымдастыруымен республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция тарих ғылымдарының докторы, профессор Я.Д.Серовайскийдің туғанына 100 жыл толу құрметіне арналды.


Пленарлық мәжілісте «Қазақстан медиевистикасы 20 жыл ішінде» атты баяндамасымен сөз алған дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі т.ғ.д., профессор Қ.Т. Жұмағұлов кафедраның тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерін зор мақтанышпен атап өтті. Жуырда ғана Үкімет делегациясының құрамында Францияда ғылыми іс-сапарда болып, Шампань аймағындағы Шепп қаласында атақты бабамыз Аттиланың ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысып, баяндама жасап қайтқан профессор Қ.Т.Жұмағұловтың әлемдік тарихтың дамуына, соның ішінде ғұндар мәселесінің зерттелуіне қосып жатқан қомақты үлесі оның баяндамасы арқылы ғылыми қауымға тағы да бір жол тауып, ерекше әсер қалдырды.

Конференция жұмысына университетіміздің басшылығы, көрнекті қоғам қайраткерлері, профессор Я.Д.Серовайскийдің отбасы мүшелері, замандастары, шәкірттері және басқа да ғылыми қауымдастық мүшелері қатысты. Атап айтқанда, ұзақ жылдар бойы ҚазҰУ-дың ғылым жөніндегі проректоры және бірінші проректоры болып қызмет еткен профессор З.А. Мансұров қатысып, Я.Д. Серовайскиймен қызметтес болған жылдардың қызықты сәттерін еске түсірді. Ю.Я.Серовайскийдің қызы, т.ғ.к., доцент Ю.Я. Серовайская өзінің «Ғалым, педагог, азамат - Я.Д. Серовайскийдің өмірбаяны» атты баяндамасында профессордың сан салалы, мәнді де мағыналы өмірін перзенттік үлкен тебіреніспен баяндап берді. Пленарлық мәжілісте, сондай-ақ тарих факультетінің деканы т.ғ.д., профессор Ж.Қ. Таймағамбетов баяндама жасады.

Ары қарай оқу >>

"Жас қазақ" ұлттық апталық

15.06.2012

15.06.2012

Мыңжылдықтар саммиті

2012 жылдың маусым айында Рио-де-Жанейрода (Бразилия) «РИО+20» БҰҰ тұрақты даму бойынша ғаламдық саммит өтеді. ТМД елдерінің жоғары оқу орындары арасында бірден бір білім ордасы - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Елбасы идеяларына негізделген – Энергия-экологиялық дамудың жаһандық дамуы және «Жасыл көпір» арнайы жеке секциясына қатысады.

Әлемнің жетекші университеттері тарапынан, танымал ғалымдар мен халықаралық сарапшылар тарапынан үлкен қызығушылық туғызып отырған секция мәжілісі Рио-орталықта 17 маусымда (сағат 19.30, «Т5» аудиториясы) болады.

Ары қарай оқу >>

"Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

15.06.2012

15.06.2012
Қансейіт ӘБДЕЗҰЛЫ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор: Әуезов ұлағаты ұлтымызды ұлы мақсаттарға жетелейді

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың Мыңжылдық саммиттегі жеке секциясы

13.06.2012

2012 жылдың маусым айында Рио-де-Жанейрода (Бразилия) Жанейрода «РИО+20» БҰҰ тұрақты даму бойынша ғаламдық саммит өтеді. ТМД елдерінің жоғары оқу орындары арасында жалғыз болып әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Елбасы идеяларына негізделген – Энергия-экологиялық дамудың жаһандық дамуы және «Жасыл көпір» арнайы жеке секциясына қатысады. Әлемнің жетекші университеттері тарапынан, танымал ғалымдар мен халықаралық сарапшылар тарапынан үлкен қызығушылық туғызып отырған секция мәжілісі Рио-орталықта 17 маусымда (сағат 19.30, «Т5» аудиториясы) болады.

Ары қарай оқу >>

"Алаш айнасы" республикалық қоғамдық саяси-күнделікті газет

12.06.2012

12 маусым 2012

№100 (782)

Журфак жаңа бастамаларға жол ашуда

Есберген Алауханов, заң ғылымының докторы, профессор,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің деканы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журна­лис­тика факультеті Қазақстандағы журналист мамандарын да­йын­дайтын бірден-бір жетекші оқу орны болып табылады. Факуль­тетте біліктілігі жоғары оқытушылар мен бұқаралық ақ­па­рат құралдарының тәжірибелі мамандары жұмыс істейді. Про­­фес­сор-оқытушы құрамының жалпы саны – 58. Ғылым док­торлары, профессорлар – 12, ғылым кандидаттары – 34, аға оқы­ту­­шылар – 8.

Ары қарай оқу >>

"Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

12.06.2012

12 маусым 2012

№106 (2017)

«82-нің түлектері» қара шаңырақта кездесті

Қара шаңырақ әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің де байлығы - ұрпағы. Ол яғни кешегі күні қабырғасында дәріс оқып, үлкен өмірге жолдама алған - бірнеше мыңдаған түлегі. Қимай-қимай, жүрек лүпілінің үні мен сағыныш жасының тамшысына ерік берген кешегі студенттердің жүрегінде де алтын ұя есімі бойтұмар іспеттес. Бес жылды қойып, он, жиырма, тіпті, отыз жыл өтсе де олардың ойында алғашқы студенттік дәрісі, студенттік аудиториясы, тұңғыш куратор, студенттік кезеңі күні кешегідей сайрап жатыр.

Оны әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне «университетім, армысың, курстастарым бармысың!» деп отыз жылды артқа тастап, кездесе келген, сағынышпен қауыша көріскен журналистика факультеті түлектерінің естеліктерінен айқын аңғардық.

Ары қарай оқу >>

"Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

12.06.2012

12 маусым 2012

№106 (2017)

Баян ЖҰБАТОВА, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор: Уақыттағы нақтылық - табыс пен жетістікке жетудің кепілі

- Баян Нұрсұлтанқызы, Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында білім беру жүйесін жаңғырту мәселесінің маңыздылығын айрықша атап, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу арқылы халықаралық стандарттар негізінде жұмыс істеу қажеттігін ескертті. Елбасы жүктеген бұл міндет қара шаңырақта қалай жүзеге асырылып жатыр?
- Уақыттың өзі талап етіп, Елбасы жүктеген міндеттерге орай қазақ білімі мен ғылымының қара шаңырағы саналатын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті зерттеу университетіне айналуды мақсат етіп отыр. Әрине, жаңа міндеттерді жүзеге асыру жолдары да жаңа болатыны табиғи заңдылық. Осыған орай ендігі жерде университет қызметінің басым бағыты - ғылымды дамыту екендігін Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мырза ерекше атап жүр. Өйткені PhD докторларын дайындау, инновациялық қызметтерді жандандыру жоғары оқу орындарында жүзеге асады, сондықтан ғылымның деңгейі мен оған жастарды тарту жоғары оқу орны жұмысын бағалаудағы негізгі өлшемдердің біріне айналып отыр. Биылдан бастап университетте кәсіби шеберлікті шыңдауды ынталандыру, шығармашылық бастаманы дамыту, еңбек нәтижелілігін қамтамасыз ету мақсатында рейтинг жүйесі енгізілді. Бұл жүйенің тұжырымдамасы оқытушылар мен студенттердің оқыту үдерісіндегі жұмысын бағалай отырып, материалдық ынталандыру арқылы олардың өз қызметінің сапасын арттыруға мүдделі болуына әкеліп саяды. Мұнда ерекше орын оқытушы-профессорлар құрамының рейтингісіне беріледі. Нәтижесінде мұның бәрі университеттің халықаралық ғылыми және білім беру кеңістігіне енуіне жол ашады.

Ары қарай оқу >>

"Алматы ақшамы" республикалық газеті

12.06.2012

12 маусым 2012

№71 (4632)

Басты мақсат – рәміздерге деген құрметті күшейту

«Болашақ бүгіннен басталады» атты ақпараттық-әлеуметтік кампания аясында Ақпараттық-ресурстық орталық Қазақстанның Азаматтық Альянсы және Алматылық пікір-талас орталығы Бостандық аудандық әкімдігі қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Қазақстан Республикасының рәміздері» атты үлгілі пікір-талас өткізді.

Жиынға Бостандық ауданы әкімдігінің қызметкерлері мен жастар ұйымдарының өкілдері, Үкіметтік емес ұйым мүшелері мен қоғамдық қызметкерлер, пікірсайыс орталығының қызметкерлері қатысты. Шара ұйымдастырылуының басты мақсаты – жастардың мемлекеттік рәміздерге деген құрметтеін күшейту, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Ал жиынды өткізуге – Кувейт еліндегі ҚР Әнұранының «Борат» фильмінен алынған саундтреккпен ауыстырылуы, Атырау қаласында орын алған Қазақстан жалауымен қоқыс тасу секілді жағдайлар себепші болған.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 04.06.2012-09.06.2012

11.06.2012

  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінде қайраткер ғалым, ұлағатты ұстаз Тауман Салықбайұлы Амандосовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Тәуелсіз Қазақстанның журналистикасы мен баспа ісінің өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары» атты тақырыбымен Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
  • ҚазҰУ жатақханасы жайында фоторепортаж
  • «Рио+20»
  • «Эрнст энд Янг» компаниясы Алматы қаласында ең беделді жоғарғы оқу орындары арасында The Rising Stars атты үшінші жыл сайынғы байқаудың қорытындысын шығарды
  • Оқу ақысы қымбаттауда
  • ҚазҰУ-да зерттеу орталығының ашылуы өтті
  • Журналистика факультетінің түлектері бас қосты
  • Имидждік жарияланымдар
  • Біздің сарапшылар
  • ҚазҰУ оқытушылар мен профессорларының жарияланымдары
  • Студенттік жарияланымдар
  • ҚазҰУ туралы бірауыз сөз

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да профессор Джозеф Строблменнің қатысуымен онлайн-семинар өтті

06.06.2012

География және табиғатты пайдалану факультетінде Зальцбург университетінің профессоры, ГАЖ (геоақпараттық жүйе) және Геоинформатика орталығының директоры, Австрия Ғылым Академиясынның ГА ғылым инстутының директоры Джозеф Строблмен докторанттар мен магистранттардың қатысуымен «Географиялық зерттеулердегі ГАЖ» атты тақырыпта онлайн-семинар өткізілді.

Ары қарай оқу >>

"Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

06.06.2012

06.06.12

Уәлихан СЕЙДІЛДӘҰЛЫ, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің проректоры: Шетел туралы шындықты ашық айту керек

- Уәлихан Сейділдәұлы, әңгімемізді бүгінгі таңда еліміздегі ғылым мен білім сала­сындағы жетістіктерден бастасақ. Қазіргі қазақ білімі мен ғылымының деңгейі қандай?
- Қазақстан Республикасы Үкіме­тінің, Білім және ғылым министрлігінің 2011-2020 жылдарға арналған стра­тегиялық дамуын бекіту туралы қаулы­сы бар. Бұл құжаттардың алғашқы кезеңін­де 2015 жылға дейінгі және екінші кезеңінде 2020 жылға дейінгі нақты стратегиялық бағыттар бел­гіленген. Осы бағыттар бойынша мем­лекетіміздің алға қойған мақсаттары - өте жоғары. Құжаттардың мазмұнына қарасақ, мұнда Қазақстан Республи­касының білімі мен ғылымын жоғар­ы халық­аралық деңгейге көтеру көздел­ген. Оның ішінде, әсіресе, еліміздің жо­ғар­ы оқу орындарын бүкіл дүние­­жү­зі тани­тын оқу орындарының қата­рына қосу. Бұл бағытта қандай мақсаттар қойылған десек, ол мақсаттар: кәдімгі халықаралық агенттердің талаптары, яғни біз өзіміздің университетімізді халықаралық деңгейге көтергіміз келсе, сол талаптарға сәйкес болуымыз керек. Білім және ғылым министрлігінің жүр­гізіп жатқан сая­сатының білімді да­мытуға арналғаны көрініп тұр. Бұл - Қазақстан универ­ситеттерін болашақ­­та Еуропа, Америка елдерінің алпа­уыт университеттерімен бәсекелестік­ке ұмтылдыру. Ал сол деңгейге жету үшін қандай жұмыстар істеу керек? Ол үшін біз өзіміздің уни­верситетімізді тізбектеп саты-сатыға бөлуіміз керек. Елбасы
Н.Назарбаев айтып кеткен 146 жоғары оқу орын­дарын сатылауымыз керек. Қазақстан заңдарына сәйкес ұлттық зерттеу университеті, ұлттық уни­верситет, зерт­теу университеті, мем­лекеттік уни­верситет, академиялар, институттар және орта білімді оқу орындары мен колледждерге бөлуіміз керек. Бөлу үшін де әр сатының өзінің талаптары болуы қажет. Ал қойылар талаптар халықаралық деңгейде жақсы анықталған. Мысалы, зерттеу универ­ситетінің талаптары өте жоғары. Оның ішінде қойылатын талаптарға ғылым мен білімнің тығыз байланыс­тылығы ғылыми-инно­ва­циялық өндіріске бейімделуі, студенттер мен мұғалімдер­дің ха­лық­аралық әдіс алмасуы, ғы­лы­ми жұмыстарының нәтижесін ха­лық­ара­лық дәрежедегі басылымдар­­да жария­лау, эндаумент және т.б. Осы ба­ғытта университет­терімізді сұрыптап және халықаралық деңгейге көтеріп, көш басын белгілеп алсақ, онда қалған университеттер са­лыстырмалы түрде өз орнын тауып алар еді. Бұл жерде Білім және ғылым министрлігіне артатын жауапкерші­лік және міндет өте биік.
Тәуелсіздігімізді алып, еңсемізді тіктегелі жиырма жыл болды. Осы уақыт ішінде біздің жеткен жетістігіміз не десек, ол сөзсіз білім дер едім. Бүкіл дү­­ниежүзіндегі халықтармен салысты­рар болсақ, қазақ елінің жастары өте білімді. Оған бірнеше рет көзім жетті. Жұмыс бабымен, бөлінетін гранттармен болсын бірқатар шет мемлекеттерді араладым. Ұстаз болғандықтан кәсіби қызығу­шылығыммен шет мемлекеттегі жоғары оқу орындарының оқытушы­ларынан бастап, есік алдындағы күзет­шіге дейін түгел дерлік дидарласып, емен-жарқын әңгімелестім. Егер шет мемлекеттерге ресми сапарлармен бара қалсаң, шетелдерде арнайы зертхана­ларын көрсетіп, жеткен жетістіктерін паш етеді. Ал мен арнайы уақыт бөліп, барлығын түгел аралағанды жөн көрдім. Соның арқасында қазақ жастарының білім деңгейінің жоғарылығын, біздегі бағыттың дұрыс екендігін аңғардым. Елімізде білім мен ғылымның өр­кен­деуіне барынша мән берілуде.
Академик Б.Жұмағұлов басқарып отырған Білім және ғылым министрлігі Елбасы Н.Назарбаевтың білім және ғылым туралы алға қойған барлық міндеттемелерін іске асырып келеді. Мәселен, былтыр ғана «Ғылым туралы» заң қабылданды. Ол заң барлық ғы­лымды қамтып, алдағы бірнеше жыл­дарға жол сілтеп, даму бағытын көрсетіп отыр. Бұрындары ғылымға бөлінген қаражат көңіл көншітпейтін. Мәселен, бөлінген қаражат қажетті құрал-жабдық алуға жетсе, ғылымға жетпейтін. Ал қазір елімізде халықаралық деңгейде жабдықталған мемлекеттік лабора­ториялар, инженерлік лабораториялар құрылды. Айта кету керек, ғылымға бөлінген қаражат өркениетті мем­лекеттердің деңгейімен бірдей болып, тіпті бізде бар бағдарламалар кейбір елдерде жоқ. Сондай-ақ ғалымдар ара­сында гранттар, өркениетті елдердегіден кем түспейтіндей қаражат та бөлінеді. Мысалы жыл сайын бөлінетін 200 жо­ғары оқу орнының үздік оқытушы гранты бар. Әрине, бұл тұрғыда мол қа­ражат бөлінгендіктен, жауапкерші­­лік те зор болуы тиіс. Егер арнайы грантты жеңіп алған ғалым ғылыми жаңалығы үшін жұмсалған қаржыға дұрыс есеп бере алмаса, онда келесі жолғы гранттық байқауларға қатыса алмайды. Сол себепті ғалымдар өз ісіне жауапкер­шілікпен қараса, сапа жақсара түсер еді. Ғалымның ашқан жаңалығы, ғылыми жобасының маңыздылығы мен өзекті­лігі болмаса, олар беделді ғылыми басылымдарда жарияланбайды. Яғни нәтижесі болмайды. Ал соңғы жылдары «Болашақ» бағдарламасына да мемле­кет тарапынан үлкен өзгеріс енгізілді. Бұл біздің мемлекетіміздің өсіп, келешегіне үміт артып отырғанын байқатады.

Ары қарай оқу >>

Апталық дайджест 28.05.2012. - 02.06.2012

05.06.2012

  • ҚазҰУ-да «Түлектер күні» тойланды
  • Тақырып жалғасы ҚазҰУ-да Нобель сыйлығының иегерлері студенттермен кездесті
  • ҚазҰУ студенттері АҚШ-тың Қазақстандағы елшілік өкілдерімен Ауғанстан мәселесін талқылады
  • Тақырып жалғасы Қазақстанның академиялық саясаттану ғылымының негізін салушы Т.Мұстафин және тарихшы әрі саясаттанушы Н.Масанов атындағы шәкіртақы конкурсының жеңімпаздары марапатталды
  • ҚазҰУ-да «Түлектер күні» тойланды
  • Студенттерге стипендия берілді
  • Тақырып жалғасы ҚазҰУ-да Шәкәрім атындағы Семей университетінің құрметті профессоры, экономика ғылымдардың дкандидаты Болатбек Нәсеновтың қазақ тарихының өзекті мәселелеріне қатысты 23 кітаптан тұратын XVIII томдығының тұсаукесері өтті
  • Тақырып жалғасы ҚазҰУ-мен НР компаниясы арасында меморандумға қол қойылды
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Бос жұмыс орындарына байқау жариялайды
  • Тақырып жалғасы Олжас Сүлейменовпен кездесу өтті
  • Колледж түлектері ҰБТ тапсыруы туралы
  • БҰҰ «Рио+20» орнықты даму жөніндегі аламдық саммиті қарсаңында БҰҰ моделі болып өтті
  • 1 маусым – Балалар күніне орай байқау жеңімпаздары марапатталды
  • ҚазҰУ-да ҰБТ өтуде
  • Біздің сарапшылар
  • Имидждік материалдар
  • ҚазҰУ оқытушылары мен профессорларының жарияланымдары
  • ҚазҰУ туралы бірауыз сөз

Ары қарай оқу >>

Тауман Салықпайұлы Амандосовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Тәуелсіз Қазақстанның журналистикасы мен баспа ісінің өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

05.06.2012

4 маусым күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде қайраткер ғалым, ұлағатты ұстаз Тауман Салықпайұлы Амандосовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Тәуелсіз Қазақстанның журналистикасы мен баспа ісінің өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

Әріптестігіміз артып келеді

04.06.2012

Бүгінгі ректорат мәжілісінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен «Қазақстан Республикасы жобалау менеджерлерінің одағы» қауымдастығы арасындағы өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Меморандумға ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов пен ҚР жобалау менеджерлері одағының президенті Алексей Цеховой және экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы Баян Ермекбаева қол қойды.

Ары қарай оқу >>

Оқу мен тәжірибені үйлестіру мәселелері айтылды

04.06.2012

4 маусымдағы ректорат мәжілісінде жазғы семестрге дайындық барысы туралы оқу үдерісі бөлімінің бастығы Гүлнәз Жақыпова баяндама жасап, биылғы жаздық семестр екі кезеңнен тұратынын, онлайн-тіркеу бойынша тіркелген студенттер тізімі мен атқарылған жұмыстың нәтижесімен таныстырды. Жазғы семестрде студент пен профессорға қойылатын талаптарды нақтылап, өз білімдерін жетілдіруде шетелдік студенттердің қызығушылық танытып отырғандарын да атап өтті.

Ары қарай оқу >>

«Эрнст энд Янг» компаниясы Алматы қаласында ең беделді жоғарғы оқу орындары арасында The Rising Stars атты үшінші жыл сайынғы байқаудың қорытындысын шығарды

04.06.2012

«Эрнст энд Янг» компаниясының кеңсесінде The Rising Stars байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. «Эрнст энд Янг» компаниясы бұл байқауды жастар арасындыға кәсіпкерліктің рухын қолдау мақсатында жыл сайын өткізеді.

Ары қарай оқу >>