Жаңалықтар

Құрметті оқытушылар, PhD докторанттар, магистранттар, студенттер!

16.04.2013

2013 жылғы 22 сәуір - 4 мамыр аралығында журналистика факультетінде (230 аудитория) Огайо университетінің (АҚШ) профессоры Юсуф Калианго сағат 12.30-дан-13.30-ға дейін студенттерге «Role of Televised (Visual) Media and Democratization (TV News)”, 14.30-16.00-ге дейін магистранттар, докторанттар мен оқытушыларға «Higher Education, Professional Dev. & Research opportunities in the USA» тақырыбы бойынша дәріс оқиды.

Ары қарай оқу >>

Құрметті мектеп бітіруші түлектер!

15.04.2013

Сіздерді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттік кампусы бойынша ұйымдастырылатын экскурсияға шақырамыз. Экскурсия әр сенбі күні сағат 10:00-де жүргізіледі. Өткізілетін орын ГУК- 6 –басты кіру есігі. Біз сіздерді күтеміз!

Ары қарай оқу >>

«Әлем бақшасы» ҚазҰУ қалашығынан орын алды

13.04.2013

13 сәуір күні ҚазҰУ қалашығында Алматы қаласы әкімдігі, ҚазҰУ басшылығы, дипломатиялық корпус өкілдері қолдарына күрек алып, ағаш отырғызу рәсіміне жұмыла қатысты. Бұл күні ҚазҰУ ұжымы «Наурыз – жыл басы» мейрамын ұйымдастырған болатын. Жыл басында тал егу ырымы бұл мерекеде де тыс қалмады.

Ары қарай оқу >>

Орта Азия ЖОО-ларының ішіндегі ең ірі кітапхананың тұсауы кесілді

13.04.2013

13 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов сонымен бірге, шетел дипломатиялық корпус өкілдері, Алматыда тіркелген халықаралық ұйым дипломатиялық миссия басшылары, шетелдік қонақтар бас қосты. «Наурыз – жыл басы» мерекесін тойлай келген қонақтар салтанатты шараның алғашқы ресми бөлімінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ғылыми кітапханасының тұсаукесер рәсіміне куә болды. ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов сөз алып келген меймандарды ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасымен таныстырып өтті.

Ары қарай оқу >>

«Қазақстан шетелдік-студенттердің көзімен» атты байқауы өтті

12.04.2013

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті Халықаралық білім беру департаментінде ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының жанындағы «Жас талап» үйірмесінің жетекшілері Р.Т.Наралиева мен Г.А.Тастемированың ұйымдастыруымен дәстүрлі «Қазақстан шетелдік-студенттердің көзімен» атты шығармашылық байқауы өтті.

Ары қарай оқу >>

Жастар тәртібі басты назарда

12.04.2013

11 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стретегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халқына жолдауы шеңберінде Заң факультетінде гуманитарлық факультеттердің 1 курс студенттері мен ішкі істер органдарының өкілдерімен кездесуі өтті.

Ары қарай оқу >>