«Қазақстан шетелдік-студенттердің көзімен» атты байқауы өтті

12.04.2013

Көрулер: 1660

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті Халықаралық білім беру департаментінде ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының жанындағы «Жас талап» үйірмесінің жетекшілері Р.Т.Наралиева мен Г.А.Тастемированың ұйымдастыруымен дәстүрлі «Қазақстан шетелдік-студенттердің көзімен» атты шығармашылық байқауы өтті.


Байқауға 50-ден астам шетелдік азамат қатысты. Байқауға қатысушылар кең пейілді, қонақжай қазақ халқына, көреген Елбасымызға, университет басшылығына, ұстаздар ұжымына үлкен алғыстарын айта отырып, өзінің толерантылығы мен бейбітшіл саясатымен татулықтың тұрақты әлемдік аренасына айналған жас Қазақстан Республикасында тек Ауғанстан ғана емес, әлемнің өзге елдері де үлгі аларлықтай өнегелі де тәлімді дәстүрі бар ел екендігін сүйсіне жазды.

Байқау жеңімпаздарын факультет басшылары тарапынан сый-сияпатпен, мақтау қағаздарымен марапатталды.

Жоғары оқу орнына дейінгі

білім беру факультеті