Жаңалықтар

ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қайрат Мәми Елбасы Жолдауын талқылау мақсатында университет ұжымымен кездесті

09.04.2013

Кеше қасиетті қара шаңырақ ҚазҰУ-дың мәртебелі түлектерінің бірі, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми Елбасы – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын талқылау мақсатында университет ұжымымен кездесті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Қайрат Закирьянов дәріс оқиды

08.04.2013

9 сәуір сағат 16:00-де тарих, археология және этнология факультетінің мәжіліс залында (405 дәрісхана) Туризм және спорт академиясының ректоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, РФ ғылым мен өнер Петров академиясының және Жоғары мектеп халықаралық ғылым академиясының толық мүшесі, «Тюркская сага Чингисхана. Сокровенное сказание казахов», «Под знаком волка» кітаптарының авторы – Қайрат Қайруллинұлы Закирьяновтың дәрісі өтеді.

Ары қарай оқу >>

Әуезхан Қодар және Айман Қодар отбасылық дуэтімен шығармашылық кездесу өтеді

08.04.2013

11 сәуір сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінде Әуезхан Қодар және Айман Қодар отбасылық дуэтімен шығармашылық кездесу өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да су ресурстарының мәселесі талқыланады

08.04.2013

11-12 сәуір сағат 10:00-де ҚазҰУ технопаркінің мәжіліс залында энергоэкология кафедрасы және Орталық Азия Аймақтық экологиялық орталығымен бірлескен Еуроодақтың Темпус IV I-WEB «Integrating Water cycle Management: Capability, Capacity and Impact in Education and Business» жобасының халықаралық семинар-мәжілісі өтеді.

Ары қарай оқу >>

«ҚазҰУ Green campus» атты жобасы аясында «Еліміздің тұрақты дамуының кепілі – білімді жастар» атты дөңгелек үстел өтті

05.04.2013

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы магистранттарының эдвайзері Н.К. Әлжанова және «Мәдениеттану» мамандығы 2 курс магистранттарының ұйымдастыруымен «ҚазҰУ Green campus» атты жобасы аясында «Еліміздің тұрақты дамуының кепілі – білімді жастар» атты іс-шара өтті.

Ары қарай оқу >>

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Иран Ұлттық Қауіпсіздік Жоғары кеңесінің хатшысы Саид Джалилимен кездесу өтті

04.04.2013

Кездесуге университет оқытушы-профессорлық құрамы, шығыстану, философия және саясаттану факультеттерінің магистранттары мен студенттері қатысты. Бұл сапар оның Қазақстандағы жоғары оқу орнына тұңғыш келуі. С. Джалели ҚазҰУ-ға ағымдағы жылдың 5-6 сәуір аралығында Алматыда өтетін «Алтылық» ирандық ядролық бағдарламасы аясындағы сапары барысында қонақта болып отыр. Келіссөздің басты тақырыбы Иранның ядролық бағдарламысын реттеу болмақ.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да "Екі жұлдыз" байқауы өтеді

04.04.2013

10 сәуір күні сағат 17:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің Қызыл залында «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Математикалық және компьютерлік модельдеу» кафедрасының ұйымдастыруымен факультет мамандықтарының арасында «Екі жұлдыз» байқауы өтеді.

Ары қарай оқу >>