ҚазҰУ-да НР (Hewlett-Packard) ғылыми-оқу орталығы ашылады

16.04.2013

Көрулер: 2242

17 сәуірде сағат 10:30-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Механика-математика факультетінде (230 ауд.) НР компаниясы «НР Технология Институты» бағдарламасы аясында НР ғылыми-оқу орталығы ашылады.

Ғылыми-оқу орталығының негізгі мақсаты НР ұсынатын бағдарламалар негізінде студенттер мен оқытушылардың заманауи бағдарламаларды меңгеріп, білімді арттыру.

Орталық НР компаниясы ұсынған соңғы үлгідегі HP ProLiant 460c құрылымды сервер блейд құрал-жабдықтармен, бағдарламалық жасақтамамен қамтамасыз етілген. P2000 мәліметтерді сақтау базасы, тораптық жабдықтармен (сымсыз желілерге аралған құралдармен), оқытушылар мен студенттерге арналған персоналды компьютерлермен жабдықталған. НР оқу курстары ҚазҰУ оқытушыларымен бейімделген және оқу бағдарламасына дәріс, арнайы курстар мен зертханалық және тәжірибелік сабақтарда оқыталытан болады. Мұндай бағдарламалар оқытушылардың да біліктілігін арттыру мен қайта даярлауда қолданылатын болады. Орталық «Университеттік статусқа» ие болады. Студенттер, магистранттар, барлық факультеттер оқытушылары орталықта оқып, өз білімдерін жетілдіруге мүмкіндіктері болады.

ҚазҰУ-дағы НР-дың Ғылыми-оқу орталығы – Қазақстандағы әрі ТМД елдеріндегі тұңғыш орталық болып табылады. Бұл жерде НР АТА (Accredited Technical Associate) бағдарламасы ендірілген.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі