Жаңалықтар

Хабарландыру!

28.08.2013

Колумбия университеті Жер институтының (Нью-Йорк, АҚШ) Global classroom жобасы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп ұйымдастырылған «Foundations of Sustainable Development Practice» атты кезекті бағдарламасының жаңа маусымының ашық екендігін жариялайды.

Ары қарай оқу >>

Көшбасшылық дәріс өтеді

28.08.2013

11 қыркүйекте сағат 15.30-да Ашық кафедраcының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қызыл залында (механика-математика факультеті) Халық банкінің Басқарма төрайымы Шаяхметова Үміт Болатханқызының көшбасшылық дәрісі өтеді. Келемін деушілерге есік ашық.

Ары қарай оқу >>

Жетісу Алатау картасындағы «ҚазҰУ-ға 80 жыл» асуы

23.08.2013

Жетісу (Жоңғар) Алатау картасында «ҚазҰУ-ға 80 жыл» асуын, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың рекреациялық география және туризм кафедрасы ғылыми-спорттық экспедициясына қатысушылар еліміздің алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орнынының мерейтойына арнап атады.

Ары қарай оқу >>

Екіжақты меморандумға қол қойылды

21.08.2013

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ACA*GIScience мүшелігіне кіру туралы меморандумға қол қойылды. Бұл меморандумға Зальцбург университетінің профессоры Джозеф Штробл және география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы, профессор Виталий Сальников қатысып, қол қойды.

Ары қарай оқу >>

Үздіктердің үздік ойыны

16.08.2013

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Студенттік құрылыс жасағы жастар арасында бірнеше іс-шара өткізіп үлгерді. Жаз бойы спорттың бірнеше түрінен жарысып келе жатқан жасақ жауынгерлері бұл жолы волейбол ойынынан сайысты. Он шақты команданың ішінен белсенділік танытып физика-техникалық факультеті, фимия және химиялық технология факультеті, механика-математика факультеті және философия және саясаттану факультетінен жасақталған үздік 4 команда өзара бақ сынасты.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Туризм» мамандығы бойынша магистратура бағдарламасы Дүниежүзілік туристік ұйыммен сертификатталды

05.08.2013

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – «Туризм» мамандығы бойынша бакалавриат пен магистратура оқу бағдарламалары Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі – Дүниежүзілік туристік ұйым (UNWTO) таныған Қазақстан мен Орталық Азиядағы бірінші жоғары оқу орны болып табылады.

Ары қарай оқу >>

Тарихшылар дөңгелек үстелде бас қосты

25.07.2013

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих, археология және этнология факультетінде 2013 жылы 5 маусымда Мемлекеттік хатшы А.М. Тәжиннің басшылығымен ЖОО Қазақстан тарихын оқыту мәселелеріне арналған ведомствоаралық кеңесінің шешімі аясында «Ұлттық тарихты оқытудың жағдайы мен даму болашағы» атты дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>