Жаңалықтар

Алғашқы «қарлығаштар»

21.06.2013

Бүгін Ғылым ордасында өткен салтанатты рәсімде алғашқы философия докторларына (PһD) және профессор, қауымдастырылған профессорларына дипломдар салтанатты түрде берілді. Бұл Қазақстанда ғылыми кадрларды даярлаудың жаңа үлгідегі алғашқы «қарлығаштары».

Ары қарай оқу >>

Бүкіләлемдік туристік ұйымның In-situ аудиты

18.06.2013

География және табиғатты пайдалану факультетінде рекреациялық география және турaизм кафедрасында жүзеге асырылатын «Туризм» мамандығы бойынша магистрлік бағдарламаны халықаралық сертификациялау in-situ аудиты аяқталды. UNWTO.TedQual Бүкіләлемдік туристік ұйымында туристік білім сапасын бағалау жүйесі жұмыс беруші (жеке және мемлекеттік сектор); студенттер; оқу бағдарламасы және педагогикалық жүйе, факультет, менеджмент - бес негізгі үрдістері бойынша UNWTO Білім беру Кеңесі ұсынысы сәйкестігіне ғылыми-педагогикалық бағыттағы кәсіби туристік мамандарды дайындаудың талдау жүйесін қарастырады. Сонымен қатар, тұрақты дамуға мақсатталған білім беру бағдарламасы туризмнің Жаһандық этикалық кодексінің негізгі қағидасымен сәйкестігіне аса көңіл бөлінеді.

Ары қарай оқу >>

Ғылыми-зерттеу институты мен университет арасында байланыс артып келеді

14.06.2013

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультеті мен Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты арасында тығыз шығармашылық қарым-қатынас орнады.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Назарбаев университеті өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

14.06.2013

Жоғары білім беру саласы көшбасшыларының II Еуразиялық форумында Назарбаев университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум рәсімделді.

Ары қарай оқу >>

Темпус бағдарламасы аясындағы әріптестік

14.06.2013

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Темпус бағдарламасы аясында «Су айналымын басқаруды біріктіру: мүмкіндіктерді арттыру, біліктілік және білім беру мен кәсіпкерлікті арттыру» тақырыбы төңірегінде мамандар кездесуі өтті.

Ары қарай оқу >>

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде Алтай Сәрсенұлы Аманжолов атындағы «Түркі әлемі» оқу кабинеті ашылды

14.06.2013

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті шетел филологиясы және жалпы тіл білімі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, белгілі түркітанушы ғалым Алтай Сәрсенұлы Аманжолов атындағы «Түркі әлемі» оқу кабинетінің ресми ашылу салтанаты өтті.

Ары қарай оқу >>

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің «Қазақ елі» студенттік ғылыми экспедициясы аймақтарда зерттеулер жүргізеді

08.06.2013

2013 жылы 19 маусым 2 шілде аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі «Елдің интеллектуалды әлеуеті» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ақпараттық Бюросының қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің «Қазақ елі» студенттік ғылыми экспедициясы аймақтарда зерттеулер жүргізеді.

Ары қарай оқу >>