Жетісу Алатау картасындағы «ҚазҰУ-ға 80 жыл» асуы

23.08.2013

Көрулер: 4234

Жетісу (Жоңғар) Алатау картасында «ҚазҰУ-ға 80 жыл» асуын, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың рекреациялық география және туризм кафедрасы ғылыми-спорттық экспедициясына қатысушылар еліміздің алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орнынының мерейтойына арнап атады.

«Алакөл ауданында туризм мен рекреацияны дамыту мақсатында туристік-рекреациялық әлеуетті кешенді зерттеу» тақырыбындағы ҚР БҒМ ғылыми жоба шеңберінде экспедицияға қатысушылар, оқытушылар, студенттер және магистранттармен – Алакөл алабы тау жақтарының туристік-рекреациялық мүмкіншіліктері зерттелді, 1-ші және 5-ші категориялық күрделі маршруттарды, 10-нан астам (оның ішінде 2-і алғашқы) асулардан сәтті өтті.

Экспедиция зерттеулерінің нәтижелері туристік ауданның болашақтағы туристік мүмкіншілік мәліметтерін жүйелеуге, туристік көрнекті жерлерді және маршруттарды сипаттау амалдарын іске асыруға, қауіпті жерлерді GPS-байлау арқылы қауіпсіздікті жоғарлатуға, ауданды тұрақты туристік меңгеру бойынша ұсыныстарды құрастыруға мүмкіншілік береді.

Рекреациялық география және туризм кафедрасы