Жаңалықтар

әл-Фараби атындағы ғылыми-технологиялық паркі исламдық қаржыландыру жөнінде дөңгелек үстел өткізді

18.02.2014

«Исламдық қаржыландырудың жол картасы 2020-ға» сәйкес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-технологиялық паркінде экономика және бизнес жоғары мектебінің екінші курс тәжірибеленуші-магистранттарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында ислам банктерінің қызмет ету жүйелерінің ерекшеліктері мен Қазақстандағы ислам банктерінің ғылыми-инновациялық жобаларды қаржыландыру мәселелері талқыланды.

Ары қарай оқу >>

«КӨКЖИЕК» ғылыми-шығармашылық клубында дәстүрлі «ҮШ БӘЙТЕРЕК» атты әдеби-танымдық кеш өтеді

17.02.2014

2014 жылы 28 ақпанда әдебиеттің үш бәйтерегін еске алу мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы «КӨКЖИЕК» ғылыми-шығармашылық клубында дәстүрлі «ҮШ БӘЙТЕРЕК» атты әдеби-танымдық кеш өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Қазақстанның инновациялық даму жағдайындағы мемлекеттік қызмет көрсетудің қол жетімділігі жүйесінің жетілдірілуі» тақырыбында дөнгелек үстел өтті

15.02.2014

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасын, заң факультетінің студенттері және Алматы қалалық халыққа қызмет көрсету орталығымен бірлесіп «Қазақстанның инновациялық даму жағдайындағы мемлекеттік қызмет көрсетудің қол жетімділігі жүйесінің жетілдірілуі» тақырыбында дөнгелек үстел өткізді. Дөнгелек үстел кафедра меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Г.Р. Усеинова, з.ғ.к., доцент Тұрсынқұлова Д.А., з.ғ.к., доцент К.Р. Усеинова, з.ғ.к., доцент Сманова А.Б., Медеу аудандық ХҚК орталығының жетекшісі Тауан С.Х., оқытушы Л.Б.Нусипованың ұйымдастыруымен өтті.

Ары қарай оқу >>

Заң факультетінің студенттері қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

14.02.2014

Қ.Р. Усеинованың және Ж.А.Оспанованың жетекшілігімен «Союз Ради Прогресса» студенттік клубы С.А.Сартаев жетекшілік ететін «Бастау» клубымен бірлесіп және студенттер, эдвайзерлер М.Е Сагинаевпен, Г.Р Усеиновамен және оқытушы А.Ж. Жарболовамен бірге Бостандық ауданының аяқ-қолы кемтар балаларға арналған № 2 арнаулы мектеп –интернатына барды.

Ары қарай оқу >>

Профессор Ғарифолла Есімнің «Мәңгілік ел философиясы» атты лидерлік дәрісі болып өтті

14.02.2014

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, философия және саясаттану факультетінде мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Есімнің «Мәңгілік ел философиясы» атты лидерлік дәрісі болып өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған «Ең үздік студенттік ғылыми жұмыс» атты байқау өтеді

13.02.2014

А. Бектұров атындағы Қазақстан химия қоғамы және физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған «Ең үздік студенттік ғылыми жұмыс» атты жоғары оқу орындары арасында өтетін байқауға қатысуға шақырады.

Ары қарай оқу >>

ҚР ҰҒА-ның академигі Нұрғали Жабағаұлы Тәкібаевтың 70-жылдығына арналған халықаралық конференция өтеді

13.02.2014

2014 жылдың 21 ақпанында «Физика мен жаңа технологиялардың заманауи мәселелері» атты теориялық және ядролық физика кафедрасының профессоры, ҚР ҰҒА-ның академигі Нұрғали Жабағаұлы Тәкібаевтың 70-жылдығына арналған халықаралық конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

Философия және саясаттану факультетінде Жолдауды талқылауға арналған дөңгелек үстел өтеді

13.02.2014

2014 жылдың 17 ақпанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талдау мақсатында (сағат 11.3, 218 ауд.) Философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел болудың өзегі – дәстүр сабақтастығы» атты дөңгелек үстел өтеді.

Ары қарай оқу >>

Заң факультетінде профессор Қазақбай Қасымовтың көшбасшылық дәрісі өтеді

13.02.2014

2014 жылдың 19 ақпанында (сағат 12:00, 410 ауд.) кафедрасы, «Қазақстан 2050» Стратегиясын жүзеге асыру шаралары барысында заң факультетінің студенттері, магистранттары, PhD докторанттары үшін академик, қазақстан халқының Ассамблеясының қауіпсіздік саласының профессор Қазақбай Қасымовтың көшбасшылық дәрісі өтеді.

Ары қарай оқу >>