Жаңалықтар

Жасұлан ең үздік студент атанды

24.02.2014

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, химия және химиялық технология факультетінің физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының профессоры, химия ғылымдарының докторы Ж.Қ. Қайырбеков органикалық катализ және мұнайхимия саласындағы жетекші ғалым және практик химия ғылымдарының кандидаты, доцент Т. Кабиев атындағы шәкіртақы ұсынды.

Ары қарай оқу >>

«Жанымды нұрға, жүректі сырға бөледі...» атты жас ақындардың авторлық шығармалар кеші өтті

21.02.2014

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдық мерейтойына орай география және табиғатты пайдалану факультеті, метеорология мамандығының студенттерінің ұйымдастыруымен «Жанымды нұрға, жүректі сырға бөледі...» атты жас ақындардың авторлық шығармалар кеші өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Конференцияда жемқорлықтың жаһандану жағдайы қаралды

20.02.2014

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік клуб және қылмыспен күрес ғылыми зерттеу орталығы бірлесіп, ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған «Жаһандану жағдайында сыбайлас жемқорлықпен қарсылықтану мәселелері» тақырыбында сырттай түрінде студенттердің және жас ғалымдардың халықаралық конференциясын өткізді.

Ары қарай оқу >>

«Фемида» клубы “ҚазҰУ-ым – рухани байлығым” атты жинақ шығарады

20.02.2014

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстандағы ең ірі университеттердің бірі. Осы жылы университетке 80 жыл толып отыр. ҚазҰУ Қазақстан экономикасының мәдениеті, ғылым мен білімінің қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосады және мамандарды дайындаудағы жоғары мектеп болып табылады. ҚазҰУ жоғары білім беру сапасы, халықаралық мойындаушылық, белсенді ғылыми-зерттеу қызметі, инновациялылық, мықты профессорлық-оқытушылық құрам және дарынды түлектерін мақтан тұта алады.

Ары қарай оқу >>

«Эксперт-криминалист» студенттік ғылыми клубы «Сыбайлас жемқорлық аясындағы қылмыстарды ашу барысында арнайы білімді қолдану мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді

20.02.2014

27 ақпанда 2014 жылы (сағ. 12:00) заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аясындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік клуб және «Эксперт-криминалист» студенттік ғылыми клубы ҚазҰУ-дың 80-жылдығына арналған «Сыбайлас жемқорлық аясындағы қылмыстарды ашу барысында арнайы білімді қолдану мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Ары қарай оқу >>

"Шығыс әлемі" студенттік клубында дөңгелек үстел өтті

20.02.2014

«Шығыс әлемі» ғылыми-танымдық студенттік клубының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Білім беру саласындағы ынтымақтастық» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Заң факультеті «Әлем таныған Абай» атты әдеби-сазды кеш өткізді

20.02.2014

19 ақпанда заң факультетінде оқытушылар мен студенттердің қатысуымен «Салық Зимановтың кіші академиясы» «100 кітап» университеттік іс-шара аясында өткізіліп отырған жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, ақиық ақын Абай Құнанбайұлына арналған «Әлем таныған Абай» атты әдеби-сазды кеш өткізді.

Ары қарай оқу >>

«Баспа ісі мамандарын дайындаудың ғылыми-инновациялық бағыттары» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

20.02.2014

4 наурыз күні сағат 15.00-де Журналистика факультеті Баспа ісі және дизайн кафедрасы Түлектер қауымдастығы – жұмыс берушілер кеңесінің қатысуымен «Баспа ісі мамандарын дайындаудың ғылыми-инновациялық бағыттары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Ары қарай оқу >>