Рекреациялық география және туризм кафедрасында шетел профессорларының дәрістері өтті

22.12.2014

Көрулер: 2492

География және табиғатты пайдалану факультетіндегі рекреациялық география және туризм кафедрасында «Шетел ғалымдарын шақыру» бағдарламасы аясында, келесі аталмыш профессорлардың шолу дәрістері өтті.


«Hotel and Restaurant Management», профессор Бурхан Шенер, Түркия мемлекетінің Туризм Академиясының Президенті, Гази Университетінің профессоры (24 қараша - 10 желтоқсан 2014 ж.), «Рекреация мен туризмді дамыту мәселелері мен мүмкіндіктері», профессор Кружалин В.И., г.ғ.д., Ломоносов атындағы ММУ-нің рекреациялық география және туризм кафедрасының меңгерушісі, Ресей, (1-13 желтоқсан 2014 ж.), «Туризм экологиясы», профессор Дэйвид Лорант, экономика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы, туризм кафедрасының меңгерушісі (Эсцтерхази Кароли Университет) Венгрия, (8-19 желтоқсан 2014 ж.), «Аймақтық зерттеулерде ғылыми тәсілдер мен амалдарды қолдану» профессор Жолт Хусть, жаратылыстану ғылымдарының PhD докторы, Печь университетінің профессоры, Венгрия (11-25 желтоқсан 2014 ж.).

Профессорлардың шолу дәрістеріне студенттер, магистранттар мен докторанттар және де кафедраның ұстаздары мен оқытушылары қатысты. Бағдарлама аясында магистранттар мен PhD докторанттар профессорлардан ғылыми кеңес алып, жүйелі оқыту бағдарламалары талқыланып, кафедраның оқытушы-профессорлық құрамның шетел ғылыми тәжірибеге бару мен бірігіп ғылыми жобалар жазу жұмысы қарастырылды.