Қоғамдық және тәрбие қызметі

Тұрақты даму мақсаттары – кедей, бай және қалыпты дамыған елдердің барлығынан келетін әрекетке шақырудың бір түрі. Ол біздің планетамыздың әл-ауқатын жақсартуға және қорғауға бағытталған. Үкіметтер кедейлікті жою жөніндегі іс-әрекеттер экономикалық өсуді арттыру және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, сондай-ақ климаттың өзгеруімен күресу және қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірқатар мәселелерді шешуге күш салумен қатар жүруі керектігін мойындайды.

Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу шеңберіндегі аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының қызметі

Сипаттама

Сілтеме

1-мақсат: Кедейшілікті жою

1

2022 жылдың 29 қазанында Кудреева Лейла Қадырсызовна бастаған бір топ оқытушылар Еріктілер Лигасы ұйымдастырған қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты. Қайырымдылық жәрмеңкелерінен түскен қаражатқа Еріктілер Лигасының белсенділері кедей немесе мұқтаж отбасыларға азық-түлік пен киім-кешек берді.

https://www.kaznu.kz/kz/16204/adverts/12017

3-мақсат: Денсаулық пен амандық

2

2022 жылдың 13 қазанында «Денсаулық және амандық» мақсатына жету үшін кафедра студенттері мен оқытушылары «Донор күні» іс-шарасына қатысты. Осы шара аясында кафедра студенттері мен оқытушылары Қан орталығына өз еріктерімен қан тапсырды.

https://www.kaznu.kz/kz/16204/adverts/12020

4-мақсат: Сапалы білім беру

3

2022 жылдың 19-21 желтоқсанында аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасында «SCIENCE. RESEARCH. PUBLICATION.» атты Халықаралық қысқы мектеп өткізілді. Қысқы мектептің қатысушылары ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау, нәтижелерді дұрыс түсіндіру және жоғары дәрежелі журналдарда жариялау бойынша оқытылып, кеңестік және әдістемелік көмек алды. Қысқы мектептің спикерлері Қазақстанның және шетелдің жетекші ғалымдары болды. Қысқы мектепке Ташкент фармацевтикалық институтының, Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінің, И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің, Жүсіп Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетінің, Мақтымқұли атындағы Түркімен мемлекеттік университетінің, Я.Какаев атындағы Халықаралық мұнай және газ университетінің және Қазақстандық жоғары оқу орындарының оқытушылары, қызметкерлері және докторанттары қатысты. Қысқы мектеп аралас форматта (онлайн және офлайн) «Сапалы білім» мақсатына жету шеңберінде өтті.

https://www.kaznu.kz/kz/16204/adverts/11485

4

«Сапалы білім» мақсатына жету үшін Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының оқытушылары доцент Алильбекова А.О., аға оқытушы Есимова О.А. студенттермен бірге тұрмыстық химия, гигиена және дезинфекциялық құралдарды және жоғары сапалы химиялық өнімдердің кең ассортиментін өндіретін «Goldman and Young» ЖШС-де болды. «Химия» және «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламаларының студенттеріне шығаралатын өнімдер, өнімдерді жасау және оларды талдау әдістері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, студенттер өнім ассортиментін әзірлеу зертханасы мен сапаны бақылау зертханасының қызметкерлерімен бірлесіп, қажетті ингредиенттерін өздері таңдай отырып, ыдыс жууға арналған жуғыш затты әзірледі.

https://www.kaznu.kz/kz/16204/adverts/11392

5

«Сапалы білім» мақсатына жету аясында 2023 жылдың 21 маусымында Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасында «Оқыту мәселелері: оқытудың ерекшеліктері мен мәселелері, докторанттар мен магистранттардың жетістіктерін бақылау» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – оқу жылының қорытындысы бойынша кафедраның пәндерін оқытудың әдістемесі мен формаларын дамытудың перспективалары мен жоспарларын талқылау және тәжірибе алмасу.

Негізгі жолдау – мамандарға бейресми және тиімді пікір алмасу және тәжірибе алмасу үшін жағдай жасау.

Дөңгелек үстелде оқу үдерісін ұйымдастыру мәселелері, сабақ түрлері мен оларды өткізу формасы, аралық және қорытынды бақылау нәтижелерін бағалау мәселелері, оқу-әдістемелік кешендерді рәсімдеуге қойылатын талаптар және т.б. қарастырылды.
https://www.kaznu.kz/kz/16204/adverts/12146

5-мақсат: Гендерлік теңдік

6

Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының 1 курс докторанттары Рашит Диляра, Бекей Ақбаян, Тілеумағамбетов Мейірбек жас жеткіншектердің ғылыми қызығушылықтарын қалыптастыру мақсатында педагогикалық практика аясында ұйымдастырылған «Химиядағы әйелдер» атты іс-шараны өткізді. Сонымен қатар, іс-шара ғылымдағы гендерлік теңдікті насихаттайды. Іс-шара «Гендерлік теңдік» мақсатына қол жеткізуге арналған.

https://www.kaznu.kz/kz/16204/adverts/12022

8-мақсат: Лайықты еңбек және экономикалық өсу

7

2023 жылдың 30 мамырында «Химиялық инженерия» мамандығының 2 және 3 курс студенттері Минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығында өндірістік тәжірибеден өтуді бастады. Тәжірибе барысында студенттер химия өнеркәсібінің негізгі процестерімен және аппараттарымен танысады. Тәжірибе аясында Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі А.А.Жарменовпен кездесу өтті. Студенттердің өндірістік тәжірибесі «Лайықты еңбек және экономикалық өсу» тұрақты даму мақсатына қол жеткізу аясында ұйымдастырылады.

https://www.kaznu.kz/kz/16204/adverts/12023

8

Химия және химиялық технология факультетінің «6В07201 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы», «6В07104 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы» (орыс, қазақ топтары) және «6В07202 – Азық-түлік химиясы және технологиясы (НКУ)» білім беру бағдарламалары бойынша студенттері О.А. Есимованың және Тәттібаева Ж.А. жетекшілігімен    «Келун-КазФарм» ЖШС базасында өндірістік тәжірибеден өтеді. Бірінші күні барлық өндірістік қауіпсіздік ережелері айтылып, зертханалық және өндірістік цехтар таныстырылды. Сапаны бақылау бөлімінде физикалық-химиялық әдістер мен сынама алу әдістерінің заманауи құралдары көрсетілді. Басты мамандардың көпшілігі біздің факультеттің түлектері екендігі аса қуантты. Студенттердің өндірістік тәжірибесі «Лайықты еңбек және экономикалық өсу» тұрақты даму мақсатына қол жеткізу аясында ұйымдастырылады.

https://www.kaznu.kz/kz/16204/adverts/12024

9-мақсат: Индустрияландыру, инновация және инфрақұрылым

9

«Эластомерлер алу үшін өсімдік және минералды шикізаттан көміртегі-минералды наноқұрылымды композиттер» халықаралық мектебінің аясында 07.11 - 12.11.2022 ж., Химия және химиялық технология факультетінің Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасы Физика-химиялық зерттеу және талдау әдістері орталығымен бірлесіп біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды. Курсқа Беларусь мемлекеттік технологиялық университетінің оқытушылары, қызметкерлері және аспиранттары, сонымен қатар әлөФараби атындағы ҚазҰУ Химия және химиялық технология факультетінің оқытушылары, докторанттары, магистранттары мен бакалаврлары (офлайн, онлайн форматта) қатысты.

Халықаралық мектепке қатысушылар алдында сөз сөйлеген әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Химия және химиялық технология факультетінің деканы доцент Галеева Алина Кульбаевна табиғи ресурстарды кешенді пайдалану және қалдықсыз технологияларды құру қазіргі заманғы өндірістердің өзекті міндеті екенін атап өтіп, мұндай тәжірибе мен пікір алмасу кәсіби талаптарға және ғылымның, техниканың және технологияның қазіргі жетістіктеріне сәйкес қатысушылардың біліктілігі деңгейін арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының меңгерушісі, х.ғ.к., доцент Арғымбаева Ақмарал Мұхамбетқызы Беларусь мемлекеттік технологиялық университетінен келген қатысушыларды таныстырып, қатысқандары үшін алғысын білдірді.

Баяндамаларды х.ғ.д., профессор Ефремов Сергей Анатольевич, т.ғ.к., доцент Нечипуренко Сергей Виталиевич (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), х.ғ.к., доцент, Беларусь мемлекеттік технологиялық университетінің Полимерлі композиттік материалдар кафедрасының меңгерушісі Касперович Андрей Викторович, т.ғ.к., Рудный индустриалды институтының металлургия және тау-кен ісі кафедрасының доценті Лежнев Сергей Николаевич, PhD, «Tenir» инвестициялық индустриялық компаниясы» ЖШС директоры Антипов Андрей Федорович, сонымен қатар докторант Бекназаров К. (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) жасады

Курстың практикалық бөлігі ғылыми-өндірістік базада өткізілді. Дүниежүзілік қайта құру және даму банкінің коммерцияландыру жобасы бойынша «Резеңке бұйымдары үшін көміртекті кремнийді толтырғыштарды өндіру» тақырыбы бойынша жұмысты жүзеге асыруды қамтыды.

Халықаралық мектеп «Индустрияландыру. Инновациялар, инфрақұрылым» мақсатына қол жеткізу аясында өтті.

https://www.kaznu.kz/kz/16204/adverts/11204

10

2023 жылдың 15 мамырында аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасы «Косметика және тұрмыстық химиядағы жаһандық трендтер – 2023. Telko презентациясы» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Семинар аясында Telko презентациясы ұсынылды, косметика мен тұрмыстық химия саласындағы әлемдік трендтер көрсетілді, «Шашқа арналған 2 фазалы кондиционер және беттерді жылтыратуға арналған лосьон» бойынша шеберлік сабақтары өткізілді.

 Семинар «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» мақсатына қол жеткізу үшін Telko компаниясымен бірлесіп өткізілді.

https://www.kaznu.kz/kz/16204/adverts/12025

10-мақсат: Теңсіздіктерді азайту

11

2023 жылдың 19-21 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия және химиялық технология факультетінде дәстүрлі Республикалық пәндік олимпиада өтті. Еліміздің әр қаласында «Химия» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттерден құралған 12 команда бақ сынады.

 «Аналитикалық химия» секциясы бойынша пәндік олимпиаданың бірінші және екінші кезеңдерін ұйымдастырушылар аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасы болды. Кафедра доценттері Бадавамова Г.Л., Исмаилова А.Г. Теориялық бөлімдегі есеп қолданбалы сипатта болды, ал практикалық бөлімде студенттер зертханада жұмыс істеу дағдыларын шыңдады. Зертханалық кезеңде ұсынылған жұмыс жоғары деңгейде орындалды, қатысушылар жұмыстың тұсаукесеріне, оның орындалуына және жабдықталуына риза болды.  

Республикалық пәндік олимпиаданы ұйымдастырудағы басты мақсат – дарынды оқушыларды анықтау ғана емес, олимпиадаға қатысуға ниет білдіргендердің барлығына бірдей мүмкіндік беру.  

Пәндік олимпиада «Теңсіздікті азайту» мақсатына қол жеткізу аясында ұйымдастырылады.

https://www.kaznu.kz/kz/16204/adverts/12026

13-мақсат: Климаттың өзгеруімен күресу

12

2022 жылдың 18-20 қазанында АҚШ Мемлекеттік департаментінің ауа сапасы бойынша штаттан тыс маманы доктор Ранил Дхаммапала факультет студенттері үшін метеорологиялық және ауа сапасы деректерін талдау бойынша семинар өткізді. Семинар «Климаттың өзгеруімен күресу» мақсатына жету үшін Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттары Елшілігінің қолдауымен өтті.

https://www.kaznu.kz/kz/16204/adverts/11196

13 «Климаттың өзгеруімен күресу» Мақсатына қол жеткізу үшін ауа сапасы саласындағы ғылыми жобаларды жүзеге асыру.

http://cfhma.kz/ecobio/page24.html

http://cfhma.kz/ecobio/PM2.5.html

http://cfhma.kz/ecobio/TWA_SPME.html

15-мақсат: Жердегі экожүйелерді сақтау

14

2023 жылдың 14 сәуірінде кафедра магистранттары бакалавриат студенттерімен және мектеп оқушыларымен құстардың үйлерін өз қолдарымен жасау бойынша тәрбие жұмыстарын жүргізді. Бұл шараның мақсаты – табиғатқа, оның тұрғындарына құрметпен қарауға тәрбиелеу. Студенттер мен мектеп оқушыларының арасында топта жұмыс істеу қабілетін дамыту және магистранттардың ұйымдастырушылық қабілеттерін арттыру. Студенттер мен мектеп оқушылары әртүрлі құралдарды пайдаланып, тақта мен шегеден өз бетінше құс үйін жасады.

  Іс-шара «Жер үсті экожүйелерін сақтау» мақсатына қол жеткізу аясында өткізілді.

https://www.kaznu.kz/kz/16204/adverts/12028