ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКАНЫ ОҚЫТУ МОДЕЛЬДЕРІ ІІ MTIJ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

04.04.2017

Көрулер: 2081

ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКАНЫ ОҚЫТУ МОДЕЛЬДЕРІ

 ІІ MTIJ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

 

Өтетін уақыты: 7 сәуір 2017 жыл. Басталуы 10:00.

Өтетін орны: журналистика факультеті, Т..Қожакеев атындағы мәжіліс залы (230 ауд.)

Ресми серіктестер

«Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау ұйымы

MediaNet халықаралық журналистика орталығы

                                            «Түркі тілдес журналистер қоры» ҚҚ

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы

 

Ғылыми пікірталас  сессиялары мен бағыттары:

 

Журналистік білім берудің халықаралық трендтері

  • Журналистік білім берудің жаһандық бағыттары;
  • Қазақстандық медиа-мектеп: инновациялық модельдер.

           Халықаралық журналистика – даму мәселелері

  • Мамандықтың жаңа стандарттары: Орталық Азиядағы журналист мәртебесі;
  • Реттеу құралдары және БАҚ-тағы өзін-өзі реттеу;
  • Журналистік шеберлік және бұқаралық мәдениет нысанындағы кәсібилік;
  • Тұрақты даму және журналистика: өзара қарым-қатынас аспектілері;
  • Азаматтық журналистика контенті.

 

MTIJ конференциясы технологиялық алаң ретінде

  • Халықаралық журналистиканы дамыту саласындағы  MTIJ конференциясының  мүмкіндіктері;
  • Журналистика педагогтарының корпорациясын құру: ұйымдастыру мәселелері және ұсыныстар.

      Сондай-ақ, халықаралық журналистика саласының жетекші  мамандарымен шеберлік сыныбы өткізіледі. Қатысушыларға сертификаттар беріледі.

    Негізгі спикерлер: Сағатбек Медеубек, әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ журналистика факультетінің деканы;  Шыңғысова Назгүл,  ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының меңгерушісі;  Сергей  Карпов, Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының коммуникация және ақпарат бөлімінің  басшысы;  Жұмабек Кенжалин, «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры, Свитич Луиза Григорьевна – ММУ, журналистика факультеті, филол.ғ.д., профессор; Стеллах Анджей – с.ғ.д., профессор, Адам Мицкеевич атындағы университеттің саяси ғылымдары және журналистика факультетінің деканы; Тадауэш Валлас – саяси ғылымдарының хадокторы, профессор, Адам Мицкеевич университетінің кадр және қаржы жөніндегі проректоры, Польша; Рафис Абазов,  MDP бағдарламасының директоры, Колумбия университетінің адьюнк-профессоры; Ғалия Ибраева, әл-Фараби ат.ҚазҰУ Бірінші проректорының кеңесшісі; Бекжан Әшірбаев, «Заң» газетінің бас редакторы; Жұлдыз Әбділда, «Ұлан» газетінің бас редакторы; Ғалия Әженова, «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау ұйымының сарапшысы;  Әділ Жалилов,  MediaNet Халықаралық Журналистика Орталығының директоры; Назия Жоямергенқызы, «Түркі тілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті; Есенгүл Кәпқызы, филол.ғ.к., "Мінбер" журналистерді қолдау орталығы" қоғамдық қорының жетекшісі; Мария Дубовицкая, Астанадағы ЕҚЫҰ Кеңесі бағдарламасының саяси мәселелер және БАҚ бойынша ұлттық үйлестірушісі; Клюкина Витюк Марина Юрьевна – Алматыдағы Ресей Федерациясы Бас консулдығының кеңесші консулы; Ажар Төреханқызы, Сорос-Қазақстан қоры Медиалық бағдарламасының үйлестірушісі.

        Сондай-ақ конференция жұмысына БАҚ басшылары, бас редакторлар, журналистер, Қазақстандағы БҰҰ Қоғамдық Ақпарат Департаментінің өкілдері, шетелдік мемлекеттер елшіліктері мен консулдықтарының өкілдері, АҚШ, Ұлыбритания, Польша, Түркия, Ресей бұқаралық коммуникация ғалымдары мен зерттеушілері, оқытушылар, студенттер, магистранттар және докторанттар қатысады.

 

    Конференция материалдары жеке жинақ болып шығарылады.

Жарияланымның негізгі талаптары конференцияға қатысу және сөз сөйлеу. Баяндамалар мазмұны конференция тақырыбына сәйкес болуы тиіс. Материалдарды тапсыру уақыты 2017 жылдың 20 наурызына дейін.

Жарияланым талаптары:

  1. Баяндама (мақала) мәтіні MSWord Windows бағдарламасында 5 беттен аспауы қажет. Кестелер, схемалар мен суреттердің атауы болуы және Windows бағдарламасы түрінде құрылуы тиіс.
  2. Беттің параметрлері: барлық жиектер 2 см.
  3. Қаріп: Times New Roman, Kz Times New Roman, кегль-14.
  4. Жоларалық интервал-1. Абзац: 1.25 см.
  5. Сілтемелерді қолдана отырып, әдебиет көздері көрсетілуі тиіс. Қолданылған әдебиеттерді үлгіге сәйкес безендіру қажет. Мәтіндегі әдебиеттерге сілтемені «төртбұрыш» жақша ішіне нөмірлік тәртіп бойынша көрсету қажет. Мысалы, [1,156].

Мақаланың (баяндама) электронды нұсқасын келесі e-mail бойынша жіберу қажет:

baigozhina777@mail.ru

Elena.Dudinova@mail.ru

 

Жинақтың редакция алқасы тапсырылған мақала материалдарының мазмұнына жауап бермейді және баяндамаларды таңдау құқығын өзіне қалдырады.

Конференцияға қатысу сұраныстарын 20 наурызға дейін келесі үлгі бойынша тапсыру керек:

 

ТІРКЕЛУ ҮЛГІСІ

  1. Аты-жөні,тегі (толығымен)________________________________________________
  2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми лауазымы_______________________________________
  3. Мекеме, қызметі_________________________________________________________
  4. Мекен-жайы____________________________________________________________
  5. Телефон (халықаралық байланыс коды, ұялы тел.)____________________________
  6. Е-mail__________________________________________________________
  7. Мақала тақырыбы_______________________________________________________

Баяндаманы конференцияға дайындау                                                  

          Тыңдарман ретінде қатысу         

 

          ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ КОМИТЕТ:

 

           Қазақстан Республикасы, Алматы қ., әл-Фараби,71, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

 

           ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының меңгерушісі филол.ғ.д., профессор Шыңғысова Назгүл Тұрсынбайқызы -8-(727) 377 34 43,

            Ғылыми-инновациялық жұмыстар және халықаралық байланыс бойынша кафедра меңгерушісінің орынбасары Байгожина Дана – 8-702 220 77 17.

Филол.ғ.к., кафедра доценті Дудинова Елена Ивановна–  8 - 777 173 89 47.