Қазақстан – Франция телекөпірі: ынтымақтастық келешегі

16.11.2016

Көрулер: 2308

2016 жылдың 16 қарашасында сағ 15.00-де Халықаралық бағдарламалар орталығы және ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының ұйымдастыруымен  Т. Қожакеев атындағы №230 мәжіліс залында Франция мемлекеті, France 24 телеарнасының құрылтайшысы, әлемдік деңгейдегі тележүргізуші Антуан Кормеримен ашық дәріс өткізіледі. Антуан Кормери Sciences Po (Институт Политических Исследований) журналистика жоғарғы мектебінде дәріс оқумен қатар, түрлі Халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының білім курстарында (Ұлттық Алжир радиосы, Мали Ұлттық телеарнасы, Тунис ұлттық телеарнасы, Nessma TB, 2М Марокко, Ливан радиосы, RTBF, Кот-д’Ивуар радио және телеарнасы) өзінің тәжірибелік семинар-тренинг өткізіп жүрген білікті практик-маман.

Жауапты: ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының меңгерушісі, филол.ғ.д., профессор Н.Т. Шыңғысова, филол.ғ.к., доцент А.А. Тлепбергенова; аға оқытушы Д.Ө. Байгожина.