Олжас Сүлейменовтың 80-жылдығына арналған Республикалық байқау

19.05.2016

Көрулер: 2219

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы танымал ақын, жазушы, публицист, қоғамдық-саяси қызметкер, дипломат Олжас Сүлейменовтың 80-жылдығына арналған баспасөз және электронды БАҚ-тағы үздік жарияланымдардың Республикалық байқауын жариялайды.

Танымал қазақстандық ақынның шығармашылығында дәуір өзгерістері, бүгіннің өзекті мәселелері, өткеннің тарихи терең ойлары әр қилы тұстардан көптеп көрініс тапқан. Олжас Сүлейменовтың есімі ұлттық әдебиеттің синонимына, ұлт пен елдің символына айналған.

Байқау 2016 жылдың 1 сәуірі мен 15 қазаны аралығында Қазақстан мен шет елдің қазақ тілді және орыс тілді БАҚ-тары арасында өткізіледі.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен куәліктерге ие болады.

 

Жарияланымдардың сканерлері төмендегі электронды пошталарға жіберілуі тиіс:

         Elena.Dudinova@mail.ru – Дудинова Елена Ивановна

nazym-zhurtbay@mail.ru - Жұртбай Назым Тұрсынқызы 

 

Баспасөз бен электронды БАҚ-тардағы тақырыпқа байланысты жарияланған мақалалар ғана қаралады.

 

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

ЮНЕСКО,

халықаралық журналистика

және қоғамдық медиа кафедрасы