Жаңалықтар

"Ұстаздық – ұлы қызмет"

10.10.2018

Әлемдегі ең қиын, жауапты және құрметті мамандықтардың бірі – мұғалім. «Айналаңды нұрландыр» жобасының аясында биофизика және биомедицина кафедрасында «Ұстаздық – ұлы қызмет» атты тәрбиелік іс-шара өтті. Шараға студенттер мен магистранттар, сонымен қатар ардақты ұстаздарымыз б.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Дүйсембин Қ.Д. және кафедра меңгерушісі б.ғ.д., профессор Төлеуханов С.Т. қатысты.

 

Кулбаева М.С., Қайрат Б.Қ.

биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушылары

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ қалашығы аумағында жалпыуниверситеттік сенбілік өтті

06.10.2018

Әдеттегі дәстүр бойынша биофизика және биомедицина кафедрасының ұжымы студенттермен бірге 2018 жылдың 6 қазанында сенбілікке шықты. Күздің жаймашуақ күнінде кафедра ұжымы мен студенттері ҚазҰУ қалашығы аумағында күзгі тазарту жұмыстарын жүргізді.

Сенбілік – ұжымдық рухты, психологиялық климатты көтеретін керемет әдіс. Сондай-ақ, сенбілік қызметкерлер (студенттер) арасында жұмыстан (оқудан) тыс әнгімелесу мен бір-бірін жақын тануға мүмкіндік береді. Ортақ мүдде үшін бірлесіп жасаған еңбектей ешнәрсе адамдарды біріктіре алмайтындығы ертеден белгілі.

 

© Қайрат Б.Қ.

биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы

Ары қарай оқу >>

Қош келдің, жас талапкер!

26.09.2018

26 қыркүйек 2018 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жаңа оқу жылының жарқын оқиғасы бірінші курс студенттерін Студенттік қатарға қабылдау салтанатты шарасы өтті. 

Ауқымды студенттік мерекеге биыл 7 мыңнан аса бакалавриатқа түскен бірінші курс студенттері келді. Олардың 6 мыңнан асасы мемлекеттік білім грантын иеленген үздік мектеп түлектері болса, қалған басым бөлігі «Алтын белгі» иегері, әртүрлі байқаулар мен халықаралық және республикалық олимпиада жеңімпазы.

Бұл – Қазақстанның жоғары білім беру тарихында ешқандай оқу орны қол жеткізбеген нәтиже. Саналы әрі үлкен мақсатқа толы талапкердің сапалы білім алуы үшін еліміздегі жетекші оқу орнын таңдауы аталмыш университетке деген жоғары сенімді білдіреді.

 

Ары қарай оқу >>

әл-Фараби кітапханасымен танысу

04.09.2018

2018 жылдың 4 қыркүйегінде «5В060700 Биология» мамандығының 1 курс студенттері әл-Фараби кітапханасына экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында кітапхана қызметкерлері студенттерге ҚазҰУ кітапханасының инфрақұрылымы мен қызметі жайлы толық ақпарат берді. Сонымен қатар, студенттер оқырман ережелерімен танысып, кітапханадағы оқырман залдарын аралап шықты.

әл-Фараби кітапханасы қазіргі таңда университеттің ақпараттық, білім беру және мәдени орталығы, университеттің білім бағдарламаларына сәйкестендіріліп жинақталған бай кітап қорымен және заманауи ақпараттық электронды ресурстарымен қамтамасыз етілген университетіміздің мақтанышы.

Ұйымдастырушы: биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы Қайрат Б.Қ.

 

Ары қарай оқу >>