Жаңалықтар

«Адам әрекетінен болатын теңіз экожүйесінің ластануының алдын алу шаралары»

06.02.2024

Құрметті оқытушылар мен студенттер!

Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде 2024 жылдың ақпан айының 07 күні өтетін «Адам әрекетінен болатын теңіз экожүйесінің ластануының алдын алу шаралары» атты дәріске шақырамыз! 

Өтетін орны:  Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасы 427 аудитория 

Уақыты: 12:00

Ұйымдастырушы: аға оқытушы Уршеева Б.И., 7M01504-Биология, 2 курс магистратура эдвайзері

Ары қарай оқу >>

«Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары»

22.01.2024

ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР, СТУДЕНТТЕР!!!

Сіздерді ТДМ шеңберіндегі іс-шараға - «Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары» тақырыбындағы семинар-тренингке шақырамыз. Семинар-тренинг мақсаты жер сілкінісі болған жағдайда қажет адамдарға алғашқы жәрдем көмегін көрсетіп, зардап шеккендерді үйіндіден шығаруға көмектесу,өте сақ болып, ғимаратты тез арада босату, яғни басқа жаққа бару керектігі туралы толық мағлұмат беру болып табылады.

Басталуы: 2024 жылғы 25 қаңтар, сағат 16:00.

Ұйымдастырушылар: биофизика, биомедицина және нейроғалымдар кафедрасының оқытушылары Есенова М.Ә. және Кулмурзаева Л.Р., 6B05109 - Нейроғылым мамандығының 1 курс студенттері.

Ары қарай оқу >>

«Дұрыс тамақтану-деннің саулығы мен ұзақ өмір сүрудің кепілі»

08.01.2024

ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР, СТУДЕНТТЕР!!!

Сіздерді ТДМ шеңберіндегі іс-шараға – онлайн форматтағы «Дұрыс тамақтану – денсаулық пен ұзақ өмір кепілі» тақырыбындағы семинар-тренингке шақырамыз. Салауатты тамақтану – бұл өсуді, оңтайлы дамуды, толыққанды жұмыс істеуді қамтамасыз етуге және денсаулықты нығайтуға көмектеседі .

Басталуы: 2024 жылғы 8 қаңтар, сағат 15:00.

Қосылу сілтемесі: https://us04web.zoom.us/j/76473450629?pwd=i04SiHw69C6PRhTNQK1IpK20vVVKP3.1

Ұйымдастырушылар: биофизика, биомедицина және нейроғалымдар кафедрасының аға оқытушысы Қайрат Б.Қ., оқытушы Ешмұханбет А.Н. 7M05102 – Биомедицина

Ары қарай оқу >>

«ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМ – 2023»

15.12.2023

Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ, биология және биотехнология факультеті, биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының «7M05113 – Нейроғылымдар» мамандығының 1 курс магистранты Әшірбай Айжан «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы» бірлестігі түріндегі заңды тұлғалардың ұйымдастыруымен «VIII Халықаралық баспа шығару» жобасы аясында «ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМ – 2023» ТМД ғалымдарына арналған халықаралық байқауының дипломанты атанды. 

Ары қарай оқу >>

«АИТВ/ЖИТС туралы не білу керек»

30.11.2023

Құрметті оқытушылар мен студенттер!

Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде 2023 жылдың желтоқсан айының 01 күні өтетін «АИТВ/ЖИТС туралы не білу керек» атты дәріске шақырамыз! 

Өтетін орны: Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасы, 214 аудитория.

Уақыты: 10:00

Ұйымдастырушылар: б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Аблайханова Н.Т., оқытушы Дүйсенбек А.А. 7M05102 - Биомедицина, 1 курс эдвайзері

Ары қарай оқу >>

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде В. Инюшин атындағы биофизика зертханасы ашылды

21.11.2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де биофизика, биомедицина және неврология кафедрасының құрылғанына 50 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өтті. Шара барысында кафедраның негізін қалаушы ғалым, профессор Виктор Михайлович Инюшин атындағы биофизика зертханасы салтанатты түрде ашылды.
Шараға университеттің белгілі ғалымдары, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.Шарада сөз алған басқарма мүшесі – ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор Жәмилә Айтжанова:
«Виктор Михайлович Инюшин – еліміздегі биофизика ғылымының дамуына зор үлес қосқан тұлға. Профессор әлемде бірінші болып лазерді қолдануды теориялық тұрғыдан негіздеп, медициналық тәжірибеге енгізді».

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дағы биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының мерейтойы

21.11.2023

2023 жылдың 21 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының 50 жылдық мерейтойы аталып өтті. Бұл айтулы оқиға кафедраның тарихы мен жетістіктеріне арналған бірқатар іс-шаралармен аталып, дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасы 1973 жылы құрылды және содан бері ол Қазақстандағы биофизика және нейроғылыми зерттеулер саласындағы жетекші ғылыми және білім беру орталықтарының біріне айналды. Жарты ғасырлық уақыт ішінде кафедра ғылымның дамуына, білікті мамандар даярлауға зор үлес қосты.

Университет басшылығы кафедра оқытушыларына, қызметкерлеріне және студенттеріне көп жылғы еңбектері және Қазақстан ғылымының дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді. Өз кезегінде кафедра ұжымы ұлт денсаулығының игілігі үшін ғылыми-танымдық жұмыстарын жалғастыруға дайын екендіктерін жеткізді.

Ары қарай оқу >>

«Психоактивті заттар мен құмар ойынға тәуелділіктің алдын алу»

16.11.2023

Құрметті оқытушылар мен студенттер!

Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде 2023 жылдың қараша айының 17 күні өтетін «Психоактивті заттар мен құмар ойынға тәуелділіктің алдын алу» атты дәріске шақырамыз! 

Өтетін орны:  Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасы 435 аудитория 

Уақыты: 09:00

Ұйымдастырушы: аға оқытушы Есенбекова А.Е. 6В05108- Биомедицина, 3 курс эдвайзері

Ары қарай оқу >>

“Салауатты өмір салты және оның құрамдас бөліктері”

30.10.2023

Құрметті оқытушылар мен студенттер!

Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде 2023 жылдың қазан айының 31 күні өтетін “Салауатты өмір салты және оның құрамдас бөліктері” атты семинарға  шақырамыз!

Өтетін орны:  Биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасы 427 аудитория 

Уақыты: 15:00

Ұйымдастырушы: Кенжеева Ж.К. 7М05113- Нейроғылым, 1 курс эдвайзері

Ары қарай оқу >>