Кафедраның тарихы

   Биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасы – факультеттегі ежелгі кафедраларының бірі. Кафедра 1938 жылы негізделген. Кафедраның бірінші меңгерушісі Н.Н. Павлов болды, кейінгі жылдарда кафедраны меңгергендер – К.Н. Нұрмағамбетов (1938-1942 ж.ж.); медицина ғылымдарының докторы, профессор М.А. Розенберг (1942-1944 жг.ж.); биология ғылымдарының докторы, Қаз ССР БА академигі А.П. Полосухин (1944-1947 ж.ж.); биология ғылымдарының докторы, профессор М.Ф. Авазбакиева (1947-1981 ж.ж.); биология ғылымдарының докторы, профессор Х.Д. Дүйсембин (1981-1990 ж.ж.); биология ғылымдарының докторы, профессор К.С. Рымжанов (1990-1997 ж.ж.); биология ғылымдарының кандидаты, доцент З.А. Асқарова (1997-1999 ж.ж.).

   Биохимия және биофизика кафедрасы 1973 жылы қаланды, кафедраның меңгерушісі б.ғ.д., профессор В.М.Инюшин болды. 1980-1983 жылдары м.ғ.д., профессор А.Б.Өтешев кафедраның меңгерушісі болса, ал 1984-1999 жылдары В.М.Инюшиннің өзі қайта меңгерді.

Орта, арнайы мектептерге, гимназияларға және лицейлерге биология мұғалімдерін дайындау қажеттілігімен 1989 жылы қазан айында Биологияны оқыту әдістемесі кафедрасы ашылды. Кафедраның меңгерушісі б.ғ.к., ҚазҰУ профессоры Н.Т. Торманов (1989-1996 жж.) болды.

1999 жылдан 2020 жылға дейін кафедраның меңгерушісі Төлеуханов Сұлтан Төлеуханұлы – биология ғылымдарының докторы, профессор, ақпараттық ғылымның халықаралық академиясының академигі.

2020-2021 оқу жылынан бастап кафедра меңгерушісі биология ғылымдарының кандидаты, профессор Кыстыбаева Альмира Мэлсқызы.

 

 


 

 

 

 

 

б.ғ.д., ҚазССР БА академигі, А.П.Полосухин

 

б.ғ.д., профессор

М.Ф. Авазбакиева

 

б.ғ.д., профессор

В.М. Инюшин

 

 

 

 

 

 

б.ғ.к., ҚазҰУ профессоры

Н.Т. Торманов

 

б.ғ.к., доцент З.А.Асқарова

 

б.ғ.д., профессор С.Т. Төлеуханов