Іс-шаралар

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

28.12.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде   Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы «Qazaqstan» ұлттық арнасының оқу-шығармашылық зертханасы ашылады.

Ары қарай оқу >>

ӘЛ-ФАРАБИ әлеміндегі сөз өнерінің бәйгесі

17.12.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Баспасөз және электронды БАҚ және профессор Марат Барманқұлов атындағы «ТЕЛЕЗЕРТХАНА» ғылыми-өндірістік үйірмесінің ұйымдастыруымен өтетін «СӨЙЛЕ, ҚАЗАҚСТАН!» болашақ  телерадиосөзгерлердің  дәстүрлі төртінші байқауы Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «Қазақ» радиосының 100 жылдығына арналды.

Ары қарай оқу >>

Тәуелсіздік - Тұғырым!

17.12.2021

Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының аға оқытушысы Назым Есхуатованың ұйымдастыруымен 2021 жылы 15-желтоқсанда сағат 17.00-де Тәуелсіздіктің 30-жылдығына арналған мерекелік шара өтті. Шарада студенттер 30-жылдың ішінде Тәуелсіз еліміз қандай жетістіктерге жеткені туралы құнды мәліметтер беріп, рухани-танымдық ақпараттарға толы мәнді де мазмұнды ой-пікірлерімен еркін бөлісті. Сондай-ақ, қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты жалынды жырын ұлы рухпен, өргек сезіммен жатқа оқып, көрерменді рухтандыра түсті.

Ары қарай оқу >>

«QAZAQ RADIOSY» АПТАЛЫҒЫ ӨТТІ

17.12.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Журналистика факультетінде, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақ Радиосының 100 жылдығына орай «ҚАЗАҚ РАДИОСЫ» - ҒАСЫР ШЕЖІРЕСІ: ТАРИХЫ, ДАМУЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ» атты шеберлік сыныбының апталығы өтті. Апталық барысында Қазақ радиосының тарихын сыр шертетін «Қазақтың рухани тірегі – Қазақ радиосы», «Ұлттың үкілі үні» атты кітап көрмесі мен фото-көрме таныстырылымы өтті.

   Ал шеберлік сыныбын «Қазақ радиосының» журналистері мен Қазақ радиосында қызмет еткен, радио туралы ғылыми еңбектер жазған, Журналистика факультетінің ұстаздары жүргізді.

Ары қарай оқу >>

«Нежданный гость - Джучи» және «Бату - хан»

09.12.2021

2021 жыл 9 желтоқсан сағат 12.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Әл-Фараби» кітапханасының № 303 Тұңғыш Перзидент залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Кинематографистер одағының мүшесі, кино мен теледидар редакторы, сценарист Санжар Нұрлан Санжарұлының 70 жасқа толуына орай «Нежданный гость - Джучи» и «Бату - хан» атты кітаптарының тұсаускесері өткізіледі. Сонымен бірге автор еңбектерінің арнайы көрмесі, фото-көрме ұйымдастырылады.

Ары қарай оқу >>

ЖАСТЫҚТЫҢ ЖАЛАУЫ, ЖЕЛТОҚСАН АЛАУЫ

08.06.2021

«Құдай заманалар ауысымында өмір сүруден сақтасын!» дейтін қытайдың көне мақалы бар. Бұрынғы мен бүгінгінің айрығында өмір сүрген қай буынға да ешқашан оңай болмағаны сияқты, біздің буынымызға да ауыспалы кезең кейіпкері болу, тәуелсіздік төңкерістеріне қатысу, нарықтық-экономикалық өзгерістерді қарсы алу және капиталистік қағидалар үстемдік құрған тұрмыс-тіршілікке икемделу оңай болған жоқ.

Ары қарай оқу >>

Сюрреализм

24.05.2021

Журналист ең алдымен шығармашылық иесі. Сондықтан, журналистің пайымы кең, парасаты терең, сарабдал ойлы, сезімтал жан иесі болу үшін, ол біріншіден, әдебиетті, поэзия мен прозаны, әуен мен сазды, ғылым мен өнерді қатар білуі керек. Себебі, журналист түрлі маман иелерінен сұхбат алады. Сұхбаттасушымен пікірлес болу үшін, журналистің әр саладан хабары болуы керек. 

Осындай мақсатты басты нысанға ала отырып, "Сюрреализм" деген ашық сабақ өткізуді мақсат тұттым. Себебі, сюрреализм поэзияда да, прозада да, сурет өнерінде де, кино өнерінде де белең алған жаңашыл бағыт. 1921 жылы Францияда пайда болған аталмыш бағыттың қазіргі таңда өзектілігі еш жоғалмады. Себебі, сюрреализм бар мен жоқтың, өң мен түстің, жер мен көктің арасындағы шексіз де шетсіз жаңашыл бағыт.

Студенттер бұл тақырыпқа үлкен қызығушылығын танытты. Өйткені, неғұрлым көп оқыған сайын, соғұрлым өмірде қаншама сен білмейтін жаңалықтардың көп екенін терең түсінесің, түйсінесің, сараптайсың, ой қорытасың. Сондықтан да, күнделікті сабақтармен қатар, жан-жақты, сан-салалы тақырыптарда пікірталас өткізу - студенттің таным көкжиегін кеңейтеді. Бұл құбылыстың растығы Жапония ғылымында ғылыми тұжырымдамалармен дәлелденген. 

Ары қарай оқу >>

Ж. КЕНЖАЛИН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН Б А Й Қ А У Е Р Е Ж Е С І

08.05.2021

2021 жылдың 30 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті Ж. Кенжалин атындағы Баспасөз және жаңа медиа оқу-шығармашылық зертханасының ұйымдастыруымен жас тілшілер мен талапкерлер арасында журналист, қаламгер Жұмабек Кенжалиннің өмірі мен  шығармашылығына арналған ең үздік жұмыстар мен жобаларға республикалық байқау жарияланады. 

Ары қарай оқу >>

ТЕЛЕГРАММА-ПЕДАГОГИКА: ЖУРНАЛИСТИКА ФАКУЛЬТЕТІ ЖӘНЕ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ АРАСЫНДАҒЫ АКАДЕМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ АЯСЫНДАҒЫ ОНЛАЙН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛ

08.05.2021

2021 жылғы 21-25 сәуір Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті жанындағы Telegram педагогика мектебі 72 сағат көлемінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессор-оқытушылар құрамы үшін онлайн түрде шеберлік сағатын өткізді. Вебинарлардың спикерлері телеграмма-педагогика бағытының авторы, ҚазҰУ журналистика факультетінің аға оқытушысы және жалпы тіл білімі және еуропалық тілдер кафедрасының докторанты Санатбек Азатбекұлы Сейдеханов және Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, профессор, с.ғ.д. Сұлтанбаева Гүлмира Серікбайқызы.

Ары қарай оқу >>

Жас тілшілер форумы

05.05.2021

Журналистика – бала арманынан кәсіби мақсатына айналатын жас өрендердің асыға күтетін ерекше шара бар. Жыл сайын сәуірдің соңғы күндері жас тілшілердің басын қосатын, шығармашылық бағын сынайтын кез келеді. Бұл журналисика факультетінде өтетін Жас тілшілер форумы.

Биылғы шара осымен елу алтыншы рет өзінің миссиясын атқарып, ең үздік шығармашылық жұмыстар «Жас тілшілер» форумында марапатталды. «Журналист болғың келе ме?» республикалық мектеп оқушылары арасында ең үздік шығармашылық жұмыстар байқауына жүзден астам жұмыстар келіп түсті. «Eñ üzdık jas tılşı – 2020» қорытындысы бойынша «Ұлан» газетінің жас тілшісі Айсұлу Съезхан марапатталды. Сондай-ақ Айсұлу жыл соңында «Eñ üzdık jas tılşı – 2021» бас жүлдегерін таңдап, жеңімпазын марапаттайды.

Ары қарай оқу >>