Іс-шаралар

Сүйінші!!!

25.09.2022

Асылхан Абдраим Досжан Балабекұлы

#Фотожурналистика кітапханасы

Бүгін оқу құралы базамыз тағы да екі кітаппен байыды. Студенттерге арналған "Фотография өнері" оқу құралы, "Фотожурналист" анықтамалығы жарық көрді. Факультетте таныстырылымы өтуде. Еңбек пен ізденістің жемісі. Авторларына көп рақмет.

Ары қарай оқу >>

Брендтік коммуникация құралдары

17.09.2022

20 қыркүйек күні сағат 11:00-де LG Electronics Almaty Kazakhstan компаниясының корпоративтік маркетинг және PR директоры Наталья Новикованың қатысуымен «Брендтік коммуникация құралдары» атты мастер-класс өтеді.

Ары қарай оқу >>

Журналистика және медиа коммуникациядағы білім беру бағдарламалары: ақпараттық кеңістіктің сын-қатерлері

10.09.2022

 

2022 жылдың 8 қыркүйек күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кітапханасында сағат 14.00-де "Alash Media Group" медиахолдинг жетекшілерінің және журналистика факультетінің академиялық қоғамдастығының қатысуымен ғылыми-практикалық семинар өтеді.

 

Семинар тақырыбы: «Журналистика және медиа коммуникациядағы білім беру бағдарламалары: ақпараттық кеңістіктің сын-қатерлері».

Академиялық пікірталастар келесі бағыттар бойынша өтеді:

Журналистика бойынша білім беру бағдарламалары: алға жылжу және сын-қатерлер

 

• Білім беру бағдарламаларының ұлттық моделі

• Медиа білім берудегі пәнаралық көзқарас.

• БАҚ нарығына маман дайындаудағы практикалық құзыреттер

• Студенттің медиа шеберханадағы практикалық дағдылары

• Цифрлық құзыреттер және тиімді тәжірибелік технологиялар

• Пәнаралық көзқарас және тәжірибелік бағдарламаларды құру.

• Мәдениетаралық қатынастар және студенттердің цифрлық өмір салты.

• Журналистиканы оқыту саласындағы коммуникативті тенденциялар.

 

Семинар жұмысына ҚазҰУ журналистика факультетінің ғалымдары, студенттері, магистранттары мен докторанттары, БАҚ мамандары қатысады.

 

 

Ары қарай оқу >>

Ұстаз жетістігі

30.06.2022

“Баспасөз және электронды БАҚ” (ҚазҰУ, журфак) кафедрасының халықаралық журналистиканы дамытудағы жұмыстарына елеулі үлес қосып жүрген ұстаздардың бірі - тележурналистика майталманы Жаңылхан Асылбекова. Жақында Жаңылханның “Сөнбес сәуле” атты публицистикалық жинағының және шәкіртіміз Эльмира Ибраеваның “ Алаш қайраткері Жанұзақ Жәнібековтің шығармашылық мұрасы” атты еңбегінің Нью-Йорк жұртшылығына таныстырылымы болып өтті. Шара United Alash Foundation (АҚШ) қорының демеушілігімен ұйымдастырылды. Қазақтың рухы батысты да бағындыра бастағанының бастамасы деп білейік,ағайын!

 

 


 

 

Ары қарай оқу >>

Вашингтондағы бастама

26.06.2022

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің “ Баспасөз және электронды БАҚ” кафедрасы - ҚР журналистерін даярлаушы негізгі оқу орыны.Бұл кафедра ендігі жерде халықаралық журналистикамен тығыз байланыс жасауға күш салуда. Соның бір дәлелі - Вашингтонда тәжірибеден өтіп жүрген PhD Ертай Сұлтан. Ол батыстық журналистиканың қыр-сырын үйренумен қатар қазақ мәдениетін насихаттауға да зор үлес қосуда. Сол әрекеттерінен бір ғана мысал - өзі басқаратын AbaiCenter жариялап жатқан “The Sounds of the Great Steppe” подкастар сериясы тыңдалымы жағынан Apple Podcasts Rankings сараптамасына сәйкес музыка тарихы категориясы бойынша Коста-Рикада және Қазақстанда үздік үштікке енген. Ертайдың бастамаларына сәттілік тілейміз!

Ары қарай оқу >>

Ұстаздан шәкірт озар

26.06.2022

Шәкіртіміз Жайна Сламбектің жетістіктері факультетіміз үшін зор мақтаныш. Жайнаның “Баспасөз және электронды БАҚ “ кафедрасының болашақ шәкірттері үшін оқыған дәрісі зор мотивация сыйлады.

Ары қарай оқу >>