Іс-шаралар

Жастардай жалынды «Журналист» газеті

24.04.2022

Адамзат қоғамының даму заңдылықтарына зер салып қарап отырсақ, даусыз бір шындыққа көз жеткізуге болады, ол – қандай қоғам болса да, руханият саласының алдына белгілі бір дәрежеде мақсат, міндет жүктейтіні. Ал, ол міндеттің қалыптасқан қоғамдық, әлеуметтік, тарихи-саяси және рухани талап, тілектерден туындайтыны мәлім. 

Ары қарай оқу >>

«Журналист» газеті – жастар тамыршысы

24.04.2022

Кезінде Алаш көсемсөздері баспасөздің қоғамдағы орнын дәл белгіледі, тасқа басылып, көпке тараған көсемсөздің қуатын қазақ халқының игілігіне қалай пайдалану керек екендігін іс жүзінде көрсетті. Әлихан Бөкейханов: «Газета – ғұмыр айнасы, газетаны оқып жұрт өзін-н-өзі көреді», десе, Міржақып Дулатов: «Газет – халықтың тамыршысы. Газет қоғамдағы кеселді ашып көрсетуі керек», - деген ой айтады. Қарап отырсаңыз, бұл пікірлер осы күнге дейін маңызын жойған жоқ. Алаш көсемдерінің газет және оқырман мәселесіне қатты көңіл бөлген ой-пікірлері арқылы айтар ойымызды сабақтастырғанды жөн көрдік. 

Ары қарай оқу >>

"ЖУРНАЛИСТ" ГАЗЕТІНІҢ КЕЗЕКТІ САНЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

12.03.2022

Қазақ руханиятына сүбелі еңбек сіңірген белгілі ғалым, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Журналистика факультетінің филология ғылымдарының кандидаты, доцент Римма Жақсылықбаеваның жетекшілігімен "Журналист" атты студенттердің рухани-танымдық газетінің кезекті саны жарық көрді. 

Ары қарай оқу >>

Сүйінші!!!

12.03.2022

Араға аз уақыт салысымен, қазақ руханиятына ересен еңбек сіңірген филология ғылымдарының кандидаты, доцент Римма Жақсылықбаеваның жетекшілігімен «Журналист» атты студенттердің рухани-танымдық газеті оқырманымен қайта қауышты! Бұл – тамаша жаңалық!

Ары қарай оқу >>

«ЖУРНАЛИСТИКА БАРШАҒА: МЕДИА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЖАҢА БУЫНЫ»

23.02.2022

2022 жылдың 25 ақпанында сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультеті № 3-3 Марат Барманкулов атындағы Телерадиокешенінде Қазақстандағы телерадио журналистиканың негізін салушы, журналистика ғылыми мектебінің негізін қалаған, ұлттық телерадио хабарларын таратуға үлкен үлес қосып, көптеген шәкірт тәрбиелеген ғалым, профессор Марат Кәрібайұлы Барманқұловтың 85 жылдығына арналған «ЖУРНАЛИСТИКА БАРШАҒА: МЕДИА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЖАҢА БУЫНЫ» атты аралас форматта (гибрид) халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

Цифрлы технологияларды пайдалану мүмкіндіктері талқыланды

22.02.2022

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультеті «Медиасфера» гуманитарлық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен ІХ Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі аясында дүниежүзілік радио күніне орай «ХХІ ғасырдағы радионың рөлі: жаһандық перспектива, тұрақты даму, сенімді ақпаратқа қол жеткізу, адам тағдырына әсері» тақырыбында конференция барысында ғаламдық радионың ақпарат жеткізудегі заманауи мүмкіндіктері талқыланды.

Ары қарай оқу >>