Жалпы мәліметтер

III Ғылыми-зерттеу қызметі

Ғылыми өмір:

Кафедра мақсаты бағытта ғылыми- зерттеу жұмыстарын факультет, университет шеңберінде ғана емес, сондай-ақ республика ғылыми өміріне де айтарлықтай үлес қосып келеді.

Кафедра аясында мынадай халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар өткізілді:

  1. Қазақстан журналистика Академиясының Президенті, тарих ғылымдарының докторы, профессор С.Қ.Қозыбаевтің 70 жылдығына арналған «Бұқаралық коммуникацияның орталық жүйесі. Бастамалар. Үдерістер. Мүмкіндіктер» халықаралық практикалық конференция, 26 қыркүйек, 2014 ж.
  2. «Елдің интеллектуалды әлеуеті» Мемлекеттік бағдарламасының аясында «Мәңгілік ел – ұлттық идеясы: мәдени капиталды қалыптастыру мәселелері» атты I Халықаралық Гуманитарлық форум, 4 желтоқсан, 2014ж.
  3. Біріккен Ұлттар Ұйымының 70-жылдығы, Бүкіләлемдік Радио Күніне арналған «Болашақтың медиасы: ньюсономика. Урдістер. Жаңалықтар» атты II халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі, «Тау-Тұран» білім беру-сауықтыру кешені, Алматы облысы, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық саябағы, 6-8 ақпан 2015 ж.