Hackathon Digital Farabi 2024

23.02.2024

Көрулер: 181

23 ақпан 2024 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар факультеті, Ақпараттық жүйелер кафедрасының ұйымдастыруымен «Hackathon Digital Farabi 2024» жарысы өтті.

Байқау «Digital Farabi 2024» халықаралық цифрлық форумы аясында өтілді. Оған 28 командаға біріккен еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Байқаудың мақсаты – техникалық білім беру ұйымдарының студенттері арасында инновациялық қызметті кеңінен насихаттау, сондай-ақ студенттердің IT саласында шеберлігін арттыруға ықпал ету.

«HACKATHON DIGITAL FARABI 2024» тапсырмалары төмендегідей болды:

1-тақырып. «Интернеттен деректердің бұзылуын бақылау және ескерту жүйесін әзірлеу». MSSP Global IT-компаниясы.

2-тақырып. «IT-компаниясында ішкі бағалау (grading) жүйесін жақсарту». ONE technologies IT-компаниясы.

3-тақырып. «Қазақ тіліндегі мәтіндік деректерді өңдеуге арналған интеллектуалды сұрақ-жауап жүйесін әзірлеу».

4-тақырып. «Терең нейрондық желілерді пайдалана отырып, стеганография әдістерінің классификация моделін жасау». Torus IT-компаниясы.

5-тақырып. «Желілік деректерді талдау, жіктеу және бақылау әдісін әзірлеу».  Torus IT-компаниясы.

6-тақырып. «Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде киберэкстремизмді анықтау үшін модельдер әзірлеу». Torus IT-компаниясы.

7-тақырып. «Жеңіл LBC шифрлау алгоритмі арқылы файлдарды шифрлауға арналған Android ОЖ негізіндегі мобильді қосымшаны әзірлеу». ҚР ЖБҒМ ҒК Ақпараттық және есептеу технологиялары институтының Ақпараттық қауіпсіздік зертханасы.

Қатысушылардың жоба нәтижелерін сарапшы қазылар алқасының мүшелері мен тәлімгерлер 100 баллдық жүйе бойынша төмендегідей критерийлерге сәйкес бағалады:

  1. Жоба идеясы;
  2. Жаңашылдық;
  3. Хакатон тақырыбына сәйкестік;
  4. Пайдаланушылардың және деректердің қауіпсіздігі;
  5. Масштаб;
  6. Қолдану мүмкіндігі;
  7. Интерфейс және ыңғайлылық;
  8. Функционалдылық;
  9. Презентация қорғауы және т.б.

Нәтижесінде жүлделі орындар келесідей бөлінді:

Кейс 1 бойынша: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Open Source» командасы 1-орын;

Кейс 2 бойынша: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Алаш» командасы 1-орын, ал 2-орынды «Universe» командасы;

Кейс 3 бойынша: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «ВИCсИИ» командасы 1-орын, ал 2-орынды «DoRest» командасы;

Кейс 4 бойынша: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Jupiter», «Team» командалары 1-орын;

Кейс 5 бойынша: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Winner» командасы 1-орын;

Кейс 6 бойынша: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «IT jigits» командасы 1-орын;

Кейс 7 бойынша: Қ.Cәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ «JAKO» командасы 1-орын;