"Алтынсарин" төсбелгісі

16.01.2024

Көрулер: 195

Биыл қара шаңырақ, білім мен ғылым ордасы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 90 жылдық мерей тойы аталу үстінде. Бүгінгі таңда университет ұжымы ұлы тұлғаларымыз бастаған игі істерді заманауи, жаңа бағытта жалғастырып келеді. Халықаралық QS рейтингінде үздіктер қатарында, Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында ғана емес, сонымен қатар, Орталық Азия мен ТМД елдері арасында да  көшбасшылық орында келе жатыр. Университеттің дамуына, өркендеуіне ғалымдарымыздың қосқан үлесі орасан зор. Атап айтсақ, Ақпараттық жүйелер кафедрасының доценті, ф.-м. ғ. к., Беделбаев Ағын Әбдешұлы. Саналы ғұмырын ғылым мен білікті маман тәрбиелеуге арнаған ғалым ғылыми еңбектерінің, шәкірттерінің жеткен жетістіктерінің елеулі нәтижесіндеуниверситеттің 90 жылдық мерей тойы тұсында, «Алтынсарин төс белгісімен» марапатталған болатын. Кафедра ұжымы барлық университет қызметкерлерін Университеттің 90 жылдық мерекесімен және үлгілі ұстаз, ғалым Ағын Әбдешұлын құрметті төс белгісімен шын жүректен құттықтайды.