ҚазҰУ-да Республика күніне орай салтанатты шара өтті

24.10.2023

Көрулер: 307

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Республика күні Ұлттық мерекесіне орай салатантты шара өтті.

Мерекелік кешке Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, зиялы қауым өкілдері, оқу ордасының оқытушы-ғалымдары мен білім алушы жастары қатысты.

Шараны білім ордасының ректоры Жансейіт Түймебаев ашып, университет ұжымын айтулы мерекемен құттықтады.

«Сіздерді Республика күні – Ұлттық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл күнге Ұлттық мәртебе берді. Осыдан 33 жыл бұрын – 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен «Егемендік туралы» Декларация қабылданды. Бұл – Қазақстан Тәуелсіздігінің алғышарты болған тарихи құжат», – деді ректор.

Мерекелік кеште оқытушыларға ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Алғыс хаты, Ректор Жансейіт Түймебаевтың Құрмет громатасы және Алғыс хаты табыс етілді.  Сонымен қатар университеттің бірқатар ұстаздары мен қызметкерлері «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Ақпараттық жүйелер кафедрасының профессоры Беделбаев А.А. "Ерен еңбегі үшін" медалімен шын жүректен құттықтаймыз