«Ер есімі – ел есінде» тақырыбында өткізілген кураторлық сағат

24.04.2023

Көрулер: 655

АЖ-22-3 тобының студенттеріне 9-мамыр Жеңіс күніне орай «Ер есімі – ел есінде» тақырыбында ашық кураторлық сағат өтті. Жас  ұрпақты  адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу, отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Ұлы Отан соғысында қаза болған қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, оларға патриоттық тәрбие беру. Аты аңызға айналған Қазақ халқының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмірі және шығармашылық жолымен таныстыру, ерлікке толы өмірін үлгі ету. Топпен жұмыс жасауда өзіндік ойларын ортаға салуға, сыни ойлауға, ой қорытынды жасауға мүмкіндіктер берілді. Кураторлық сағат топ эдвайзері Максутова Шынар Усеровнаның жетекшілігімен жүргізілді.