«Махаббат, қызық мол жылдар» тақырыбында ашық кураторлық сағат

10.04.2023

Көрулер: 476

10.04.2023 күні «Ақпараттық технологиялар» факультетінде «Ақпараттық жүйелер» мамандығының АЖ-22-2 тобы студенттері мен кураторы М. Абдрахманованың ұйымдастыруымен «Махаббат, қызық мол жылдар» тақырыбында ашық кураторлық сағаты өтті. Кураторлық сағаттың барысында студенттер Ә.Нұршайықовтың осы аттас романының мазмұнын ашып, оның мәні бойынша ҚазҰУ студенттерімен сұхбат жүргізу арқылы пікір бөліскен бейнежазбасын ұсынды. Сонымен қатар, іс-шара аясында махаббат туралы өлеңдер оқылып, жұмбақ ойындар ұйымдастырылып, ән шырқалып, студенттер вальс ырғағымен би биледі.