«Өзбекстандағы ұлтаралық келісімді, ұлттық, діни және саяси төзімділікті одан әрі дамытудың әлеуметтік-философиялық мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

 

21 мамыр 2020 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасы Өзбекстан Ұлттық университетімен бірлесе отырып, «Ізгілік қоғам азаматтарын қалыптастыру» жобасы аясында «Өзбекстандағы этникааралық келісімді, ұлттық, діни және саяси толеранттылықты одан әрі дамытудың әлеуметтік-философиялық мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Конференция жұмысына Ресей, Канада және сондай-ақ, Орталық Азия елдері, Дағыстан, Әзірбайжан және Түркия университеттерінің ғалымдары, профессорлары қатысты, соның ішінде: философия ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының профессоры Ғабитов Тұрсын Хафизұлы; философия ғылымдарының кандидаты, доцент, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жанындағы әл-Фараби орталығының директоры Мейірбаев Бекжан Берікбайұлы «Этно – діни төзімділік тұрақты дамудың факторы ретінде», Аяжан Сағиқызы - философия ғылымдарының докторы, Қазақстан ғылым академиясының философия институтының профессоры «Этносаралық қатынастарды ізгілендіру әлеуметтік қажеттілік ретінде», Философия ғылымдарының докторы, Дағыстан мемлекеттік университетінің профессоры, Билалов Мұстафа Исаұлы «Құндылықтар арақатынасынан шиеленіске дейінгі иерархия»; ЮНЕСКО-ның Рухани дәстүрлерді, олардың мәдениеттерінің ерекшеліктерін және Солтүстік Кавказдағы дінаралық диалог зерттеу кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент (Ресей, Дербент) Сейидова Гульчохра Надировна «Қазіргі жастардың дүниетанымында толеранттылықты қалыптастыру үшін мұсылман мәдени мұрасын жұмылдыру», Акаев Вахит Хумидиевич - философия ғылымдарының докторы, профессор, Философия кафедрасы, Акад. М.Д. Миллионщикова атындағы Грозный мемлекеттік мұнай және техникалық университеті «Мәдениеттер диалогы - діни радикализмнің маңызды терапиясы», Dilsora Komil-Burley- Assistant Professor University of British Columbia, Kelowna, BC. Kanada «Ислам: діни және толеранттылық мәселелері», философия ғылымдарының докторы, профессор, Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті, философия және руханилық негіздері кафедрасының меңгерушісі, Өзбекстанның философиялық қоғамының төрағасы Шермұхамедова Нининахон және т. б.

«Өзбекстандағы ұлтаралық келісімді, ұлттық, діни және саяси төзімділікті одан әрі дамытудың әлеуметтік-философиялық мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында келесідей сұрақтар қарастырылған болатын: дінаралық қатынастар, этно-діни толеранттылық, діни экстремизмге, ұлттық құндылықтарға, Шығыс пен Батыс мәдениеттерінің арасындағы диалог қарастырылған.

Басылым күні :  25.05.2020