«Қазақстан мәдениеті діни ескерткіштерінің қасиетті мазмұны» тақырыбы бойынша ғылыми семинар

05.12.19 Филос.ғ.д., профессор Ғабитов Тұрсын Хафизұлының қатысуымен «100 кітап» жобасы аясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында «Қазақстан мәдениеті діни ескерткіштерінің қасиетті мазмұны» тақырыбы бойынша ғылыми семинар өтті. Семинар барысында діни ескерткіштердің актуальды мәселелері талқыланды, оның адам және қоғам өміріндегі негізгі рөлі анықталды. Заманауи тенденциялар мен жаһандану дәуірінде қазақ мәдениті ескерткіштерін талдау әрі бағалау жұмысы жүргізілді. Ақпараттық текетірес кезеңіндегі әлемдік және қазақстандық мәдени ескерткіштердің қоғамдағы әсерін бағалауда үлкен мәдениеттанулық негіздемелер мысалға келтірілді. Семинар соңы естелік суретке түсумен аяқталды.

Басылым күні :  14.12.2019