«Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың қазіргі мәселелері» атты Халықаралық ғылыми практикалық конференция

06.12.19 Филос.ғ.д. профессор Ғабитов Тұрсын Хафизұлының қатысуымен Еуразия гуманитарлық институтында «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың қазіргі мәселелері» атты Халықаралық ғылыми практикалық конференция өтті. Конференция барысында гуманитарлық және әлеуметттік мәселелер талқыланды және оның адам және қоғам өміріндегі негізгі рөлі анықталды. Заманауи тенденциялар мен жаһандану дәуірінде гуманитарлық және әлеуметтік мәселелерін талдау әрі бағалау жұмысы жүргізілді. Ақпараттық текетірес кезеңіндегі әлемдік және қазақстандық гуманитарлық міндеттердің қоғамдағы әсерін бағалауда үлкен мәдениеттанулық негіздемелер мысалға келтірілді. Конференция соңы естелік суретке түсумен аяқталды.

 

 

 

Басылым күні :  14.12.2019