Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Дінтану» мамандығының 20 жылдығына арналған «ДІНТАНУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ОНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» атты халық аралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Дінтану» мамандығының 20 жылдығына арналған «ДІНТАНУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ОНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» атты халық аралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Конференция жұмысы барысында заманауи жаһандық сын-қатерлер мәнмәтінінде дінтанулық ғылым мен білім берудің әдіснамалық және практикалық мәселелері талқыланды.

Конференцияға көптеген қонақтар қатысты: Алматы қаласының шет тілдер және іскерлік карьера университетінің ректоры Сабри Хизметли; «Нұр – Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің проректоры Құрманбаев Қайрат, Қазақстан Республикасындағы Тәжікстан Республикасының бас консулы Назир Баходур, Қазақстан Республикасындағы Қырғызстан Республикасының консулы Жакыпов Кайратбек Назиринбекович, Алматы қаласының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Есенбеков Айдар Рахымжанұлы және Алматы облысы дін істері басқармасының басшысы Есдаулетов Рахмет Разбекұлы, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, діни экстремизмді алдын алу және оңалту орталықтарының басшылары, Алматы қаласындағы діни бірлестіктер басшыларының клуб мүшелері, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі үгіт-насихат топтарының мүшелері, шетелдік, отандық университеттердің профессорлары мен оқытушылары, жасғалымдар, БАҚ өкілдері және т.б.

Конференцияның пленарлық және секциялық отырыстары келесі негізгі бағыттар бойынша өтті: орта және жоғары білім беру жүйесінде дінтануды оқытудың өзекті мәселелері; заманауи жағдайда дінтану мамандарын даярлаудағы құзыреттілік тәсіл; дінтану тәуелсіз Қазақстандағы ғылымның жаңа саласы ретінде: зерттеудің пәнаралық байланысы; дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы дінтанудың тиімділігі және даму перспективалары.

Іс-шара аясында «Рух Орда» мұражайының және Діндер тарихы мұражайының экспозициялары, Алматы қаласы Діни бірлестіктер лидерлері клубының көрме топтамасы, Тәжікстан елшілігінің «Тәжікстандағы «Ислам қайта өрлеу партиясы» террористік ұйымының қылмыстары» атты экспозицияларынан көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Күнделікті өмірдегі дін» тақырыбында көрме және кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Конференция барысында шетелдік және отандық әріптестерден, қонақтардан «Дінтану» мамандығының 20 жылдығына байланысты құттықтаулар білдіріліп, мамандық тарихы туралы естеліктер айтылды.

1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қабырғасында алғаш рет «Дінтану» мамандығы бойынша кәсіби деңгейдегі мамандарды дайындау жүргізілді. Мамандарды дайындауда профессорлар Б.К. Құдайбергенов және М.С. Орынбеков еңбектері маңызды рөл атқаруда.

20 жыл ішінде дінтану қазақстандық қоғамның әлеуметтік-мәдени өмірін зерттеу негізінде жемісті болды. Бүгінгі күні бұл мамандық отандық және шетелдік әдебиеттермен едәуір нығайтылды, студенттердің педагогикалық және практикалық базаларымен келісім-шарттар жасалды, ғылыми және оқу-ұйымдастырушылық тәжірибе алмасу үшін шетелдік ғылыми институттармен, университеттермен ынтымақтастық дами бастады. Бүгінгі таңда дінтанушылар әлемдік білім кеңістігіне интеграцияланудың маңыздылығын жоғары бағалайды. Мамандар мен жас зерттеушілер арасында шетелдік конференцияларға, семинарларға қатысу, импакт-фактор деңгейіндегі шетелдік журналдарда ғылыми мақалалар жариялау, шетелдік зерттеушілермен бірлескен жобаларды жүзеге асыру және т.б. белсенді түрде ынталандырылады.

Жалпы, конференция діни мәселелерді шешудегі жетістіктерді анықтауда және зерттеу перспективаларын құруда жиынтық мәнге ие болды.

Конференция нәтижесінде қатысушылардың ұсыныстары негізінде қарарлар қабылданды. Бұл қарарлар дінтанушыларға, қоғамдық келісім мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың басшыларына, дінтану ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарына, оқу орындарына және т.б. қарастыру үшін жіберіледі.


Басылым күні :  19.11.2019