«Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» Халықаралық ғылыми конференция

V Халықаралық Фараби Форумы аясында 7 сәуір күні Дінтану және мәдениеттану кафедрасы «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» атты Халықаралық ғылыми конференция өткізді.

Техас технологиялық университетінің профессор, PhD Костика Брадатан, тарих ғылымдарының кандидаты, «Бий медициналық колледжі» Краев мемлекеттік бюджеттік мекемесінің доценті, Алейников Михаил Владимирович, «Гармония» Гендерлік агенттігінің директоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Кодар Замза Муташевна, Вашингтон штаты Университетінің профессоры, PhD Чарлз Уеллер, ҚР БҒМ ҒК философия, саясаттану және дінтану Институтының ғылыми жұмыс жөніндегі директорының орынбасары, профессор, философия ғылымдарының докторы Нұрмұратов Серік Есентайұлы баяндамаларымен шықты. Кафедра профессоры Ғабитов Тұрсын Хафизұлының екі томдық "Философия"атты кітабы мен Чарльз Уеллермен бірлесе жазылған «21st - Century narratives of world history. Global and multidisciplinary perspectives» кітабының тұсаукесуін ерекше атап өтуге болады.

Басылым күні :  23.04.2018