Дінтану және мәдениеттану кафедрасына Радбауд Университетінің профессоры, PhD Carl Sterkens шақырылды

V Халықаралық Фараби оқулары аясында (2018 жылдың 3-13 сәуірі) дінтану және мәдениеттану кафедрасына Радбауд Университетінің профессоры, PhD Carl Sterkens шақырылды. Профессор Carl Sterkens халықаралық Фараби Форумының жұмысына қатысты, сондай-ақ, магистранттар мен PhD докторанттарға «Variety in University education in Religion and Theology in the European Union. A comparative analysis of educational goals among European University lecturers» тақырыбында дәрістер курсын оқыды. Профессор Карл Стеркенстің негізгі ғылыми еңбектері Еуропадағы дінтанушылық және теологиялық білім беруге арналған. Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімшілігімен бірлесе өткен, «Зайырлы мемлекеттің қоғамындағы дін мен салт-дәстүрдің сабақтастығы» атты халықаралық конференцияда профессор Карл Стеркенс «Religion and state in Netherlands» атты баяндамасын оқыды, онда Нидерланды, Германия, Бельгия сияқты бірқатар Еуропалық елдердегі әлеуметтік-діни қарым-қатынастар мәселелерінің бетін ашты.


Басылым күні :  23.04.2018