Неймеген Университетінің (Нидерланды) профессоры, PhD, Эвертван дер Зверде дәріс оқыды

2018 жылдың 15 мен 20 наурызы аралығында Erasmus+ халықаралық гранты аясында Неймеген (Нидерланды) Университетінің профессоры, PhD, Эвертван дер Зверде дінтану және мәдениеттану кафедрасының студенттеріне "Confronting the Confrontation: Europe beyond Secularism?" тақырыбында дәріс оқыды. Профессордың негізгі ғылыми еңбектері азаматтық қоғам, идеология, қауымдастық, секуляризация/десекуляризация/пост-секуляризм, демократия мәселелеріне арналған. «Владимир Соловьев: православие және «Батыс» арасындағы «шекаралар», «Демократия репертуары (талас демократиясы бойынша жалпыұлттық бағдарлама аясында)», «Оңтүстік Кавказдағы ұлт, дін және демократия» тақырыптарындағы зерттеу жобаларының жетекшісі болды. Профессор Эверт ван дер Зверде бірқатар ғылыми-зерттеу желілерінің, соның ішінде, NISIS (Нидерланды ЖОО-дар аралық исламтану мектебі) және OZSW (Onderzoeksschool Wijsbegeerte) және Заманауи Еуропалық философияның Орталығының мүшесі болып табылады; «Шекара рефреймингі: саяси ой және трансмәдениеттік зерттеулер» атты кітаптар сериясының қосавторы, сондай-ақ, «Шығыс-Еуропалық ой», «Шығыс христиандық зерттеулер, достық және дін, мемлекет және қоғам» ғылыми журналдарының редакция алқасының мүшесі.

Басылым күні :  23.04.2018