Дінтану және мәдениеттану кафедрасына Вашингтон мемлекеттік университетінің (АҚШ) профессоры, PhD Чарльз Уеллер шақырылды

V Халықаралық Фараби оқулары аясында (2018 жылдың 3-13 сәуірі) дінтану және мәдениеттану кафедрасына Вашингтон мемлекеттік университетінің (АҚШ) профессоры, PhD Чарльз Уеллер шақырылды. Профессор кафедра студенттеріне «Islam in World History: New Perspectives and Lost Heritage (Әлемдік тарихтағы ислам: жаңа перспективалар мен жоғалған мұратақырыбында дәрістер курсын оқыды, оның аясында студенттер Орталық Азиядағы ислам динамикасы, сонымен қатар, АҚШ-да исламның пайда болу тарихы, нәсілдік қарым-қатынастар мен саясат бойынша жаңа білім алды.


Басылым күні :  23.04.2018